×

Түркістандық әлеуметтік мамандар отбасылардың құндылықтарын нығайту жолында

Түркістандық әлеуметтік мамандар отбасылардың құндылықтарын нығайту жолында

Түркістан қаласындағы Отбасын қолдау орталығында қоғамдағы отбасылық құндылықтарды нығайтуға бағытталған «Зорлық-зомбылықтың көбеюіне не себеп?» атты шара өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Шара барысында Отбасын қолдау орталығының әлеуметтік мамандары, психолог мамандар мен Түркістан қалалық полиция басқармасының отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің инспекторлары бірлесіп отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу және отбасылық саясатты дамытуға арналған мәліметтермен бөлісті. Түсіндіру жұмыстары барысында мамандар тұрғындарға отбасындағы жанжалдың салдары, психологиялық қолдау мен құқықтық қорғау тетіктері туралы ақпарат беріп, маңызды кеңестер айтты.

Отбасын қолдау орталығының әлеуметтік маманы Алтынай Данышбаеваның сөзінше қазіргі қоғамда отбасылық құндылықтарды сақтау мен нығайту – өте өзекті мәселе. Отбасы – адамның тұлғалық қалыптасуы мен әлеуметтік бейімделуінің негізі, ал оның ішкі бірлігі мен тұрақтылығы – ел болашағының кепілі. Осы орайда әлеуметтік қызметкерлердің рөлі ерекше маңызды. Әлеуметтік мамандардың жұмысының басты бағыты – отбасылармен тікелей жұмыс істей отырып, оларға психологиялық, құқықтық және әлеуметтік қолдау көрсету. Қиын жағдайға тап болған отбасылармен жұмыс істеп, олардың ішкі әлеуетін көтеруге, өзара түсіністікті қалыптастыруға, бала тәрбиесіне көңіл бөлуге және отбасы мүшелерінің өзара жауапкершілігін арттыруға тырысады. Отбасылық құндылықтарды нығайту – бұл тек жеке бастың шаруасы емес, бұл – қоғам мен мемлекеттің тұрақты дамуының негізі. Сол себепті әрбір отбасыны қолдау, тәрбиелік орта қалыптастыру – әлеуметтік мамандардың басты бағыттарының бірі болып қала береді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Руслан Берденовке тағы операция жасалады
Кеше, 13:10

Руслан Берденовке тағы операция жасалады

Кезекті операция 13 тамызға белгіленген.
Енді ол жиналған қаражатты сатып алушы отбасыға беріп, үйін өз атына қайта рәсімдеуге кіріспе
Жүлдегерлерге 90 бас жылқы мен 10 автокөлік сыйлық ретінде берілді
Сорбұлақта мәйіті табылған Нұржігіт Үйсінбаевтың денесі туған жеріне жеткізілді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →