×

Түркістан: Отбасын қолдау орталығы көп балалы және аз қамтылған отбасылардың әл-ауқатын жақсартады

Түркістан: Отбасын қолдау орталығы көп балалы және аз қамтылған отбасылардың әл-ауқатын жақсартады

Түркістан қаласындағы Бірлік тұрғын алқабының тұрғындарына тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және отбасылық құндылықтырды насихаттауға бағытталған шара өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Аталмыш шара Түркістан қаласындағы Отбасын қолдау орталығының ұйымдастыруымен қолға алынған. Жиында отбасылық құндылықтар отбасы ішіндегі салауатты және бақытты қарым-қатынастың негізі тарқатылып, айтылды. Одан бөлек, отбасыдағы құндылықтар үйлесімділігі, сенім мен сыйластықты қалыптастыруға, сондай-ақ жеке тұлғалардың дамуына және отбасы мүшелері арасындағы байланысты нығайту насихатталды.

Бүгінде Түркістан қаласындағы Отбасы қолдау орталығының ұйымдастыруымен тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілері бар, өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарға әлеуметтік, заңдық және психологиялық қолдау көрсетіледі. Сонымен қатар, Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органның үйлестіруімен, өз құзыреті шегінде білім беру, денсаулық сақтау, ішкі істер органдары қатысқан кезде өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды ерте анықтау және оларға қолдау көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі мобильдік топтардың жұмысын ұйымдастыру болып табылады. Одан бөлек, Отбасын қолдау орталығы көп балалы және аз қамтылған отбасылардың әл-ауқатын жақсарту, демеушілік көмек көрсетуге және қиын өмірлік жағдайдан шығуға үшінші тұлғаларды тарту бойынша тиімді жұмыс жүргізеді.

Айта кетейік, Түркістан өңіріндегі барлық аудан, қалаларда мобильдік топтар жұмыс істейді. Жұмысшы топтардың құрамында әлеуметтік қамсыздандыру саласының мамандарынан бөлек, ішкі істер, білім, денсаулық сақтау, қорғаншылық қызметінен 5 мыңға жуық маман бар.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Руслан Берденовке тағы операция жасалады
Бүгін, 13:10

Руслан Берденовке тағы операция жасалады

Кезекті операция 13 тамызға белгіленген.
Енді ол жиналған қаражатты сатып алушы отбасыға беріп, үйін өз атына қайта рәсімдеуге кіріспе
Жүлдегерлерге 90 бас жылқы мен 10 автокөлік сыйлық ретінде берілді
Сорбұлақта мәйіті табылған Нұржігіт Үйсінбаевтың денесі туған жеріне жеткізілді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →