Түркістан қаласында көпбалалы аналардың жалпы саны 15 739 адамды құрайды. Бұл – өңірдегі демографиялық өсім мен аналардың қоғамдық рөлін айқындайтын маңызды көрсеткіштердің бірі, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бүгінде Түркістан қаласындағы 1 098 анаға – «Алтын алқа» мәртебесі берілсе, 2 366 ана – «Күміс алқа» иегері атанса, 71 анаға «Батыр ана» атағы берілген. Сонымен қатар, 95 ана І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» орденіне ие.
Кәсіпкер көпбалалы аналарға өзін күтуге кеңес береді, балаларына сау ана керегін еске салды.
“Бала босану – үлкен миссия. Саулық мәселесі бар, қанша ресурс кетеді. Сондықтан әйел өз денсаулығын күту керек. Бір баланы дүниеге алып келу үшін ағза көп жұмыс істейді. Екінші, әйелдің психологиялық саулығы маңызды. Балаларды тәрбиелеу үшін, оларға түсіндіру үшін, жауапкершілік алып, қарым-қатынас орнату үшін, олардың сұрақтарына жауап беру үшін қанша энергия кетеді. Ол жүйкеге де әсер етеді. Тұлға ретінде әйел өзін ұмытпау керек. Менің мотивациям – балаларым. Балаларыма жақсы өмір сыйлағым келеді. Дүниеге 4-5 бала алып келген екенсіз, олар сіздің жауапкершілігіңізде. Сондықтан ана менталды, психологиялық, физикалық саулғыны күту керек. Сондай-ақ табыс табатын жеке кәсібі де болуы тиіс”, – дейді Рухабза Рустамқызы.