×

Түркістандық «Ісмер ана» жобасына қатысқан әйедер өз қолымен киім тігуді үйренеді

Түркістандық «Ісмер ана» жобасына қатысқан әйедер өз қолымен киім тігуді үйренеді

Түркістан қаласындағы «Оқушылар сарайында» «Отбасылық және гендерлік саясат» тұжырымдамасын дамыту аясында Түркістандағы әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге арналған арнайы жобаны іске қосылған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Ісмер ана» жобасына Түркістан қаласынан 2021-2025 жылдар аралығында барлығы 40-тан астам әлеуметтік жағдайы төмен, кәсібі жоқ көп балалы аналар қатысып, тігін және қолөнер үйреніп, оны дамытуда. Нәтижесінде әртүрлі бұйымдар жасайды. Жобаға қатысушы аналарды 6 ай оқытады. Оқыту қорытындысы бойынша берілген сертификат, тігін цехтарын және басқа да өндірістерді ашуға мүмкіндік береді. Өз қолымен киім, қажетті бұйымдарды тігіп, оларды сатылымға шығара алады.

Жоба көп балалы, әлеуметтік жағдайы төмен және мамандық игермеген әйелдерді тартып, олардың жаңа дүниеге деген қызығушылықтары мен құлшыныстарының арттуына бағытталған. Жалпы Республика бойынша 440 мыңнан астам көп балалы ана және 92 мың ана мүгедек балалардың қараушысы болып отыр. Осы ретте, жоба Қазақстанның 17 өңірі арасында әйелдерді қамту және онда көп балалы аналар мен кәсіптері жоқ әйелдердің әлеуетінің артуына көмек береді. Бұл жоба Қазақстанның барлық әйелдерінің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге, жандандыруға көмектеседі, ал ең бастысы өзін-өзі дамытудың жаңа көкжиектері ашылады. Негізіне Түркістан өңірі – әйелдердің белсенділігі жоғары, отбасылық құндылықтарды ұлықтайтын, гендерлік теңдікке негізделген саясатты тұрақты жүргізіп келе жатқан өңір. Мемлекеттік қолдау, қоғамдық бастамалар және азаматтық қоғам институттарының ықпалдастығы – аймақтағы әрбір ананың, әрбір отбасының мүддесін қорғауға бағытталған маңызды тірек болып отыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Абайдың 180 жылдығы Абай ауданында түйінделді
Кеше, 22:53

Абайдың 180 жылдығы Абай ауданында түйінделді

Жүлдегерлерге 90 бас жылқы мен 10 автокөлік сыйлық ретінде берілді
Сорбұлақта мәйіті табылған Нұржігіт Үйсінбаевтың денесі туған жеріне жеткізілді
Алаңда жұртшылық назарына арнайы әзірленген «Абай ауылы» этнографиялық композициясы ұсынылды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →