×

Отбасылық материалдық мұқтаждықтың отбасылық құндылықтарға әсері қандай?

Отбасылық материалдық мұқтаждықтың отбасылық құндылықтарға әсері қандай?

Түркістан қаласындағы «Отбасын қолдау орталығына» келіп түскен өтініштердің басым бөлігі азық-түлік, балаларына мерзімдік киім, отын, емдік тағам, дәрі-дәрмекке мұқтаждығын өтеуді сұрайды. Осы ретте, орталық ашылғалы демеушілер тарапынан 18 отбасыға түрлі санаттағы көмектер берілген, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Отбасын қолдау орталығының психолог маманы Нұрболған Әбудың сөзінше Отбасын қолдау орталығына келіп түсетін өтініштердің басым бөлігі – азық-түлік, балаларға арналған киім, отын, дәрі-дәрмек, емдік тағам сияқты ең қажетті, базалық қажеттіліктерге қатысты. Бұл өтініштер тек материалдық мұқтаждықты ғана емес, отбасылардың әлеуметтік әлсіздігін, сондай-ақ эмоционалды тұрақсыз ортада өмір сүріп жатқанын көрсетеді.

Негізінен мұндай отбасыларда зорлық-зомбылық қаупі жоғары болады. Себебі қаржылық күйзеліс ерлі-зайыптылар арасында жанжалға, бірін-бірі кінәлауға, агрессияның күшеюіне әкеледі. Негізгі қажеттіліктердің болмауы ата-ананың жүйкесін тоздырып, балаларға мейіріммен қарау орнына дөрекілік көрсетуге итермелеуі мүмкін. Бұл жағдай отбасылық құндылықтардың әлсіреуіне, мейірім мен сенімнің жоғалуына алып келеді. Зорлық-зомбылықтың алдын алу барысында мамандар тек тәрбиелік және құқықтық кеңес берумен шектелмейді. Отбасылардың нақты әлеуметтік мұқтаждықтарын ескеріп, жан-жақты психоәлеуметтік қолдау көрсетеді. Отбасындағы тыныштық пен түсіністік тек сөз арқылы емес, күнделікті өмірлік қажеттіліктер қамтамасыз етілген жағдайда ғана орнығады. Сондықтан отбасылық құндылықтарды нығайтудың бір жолы – әлеуметтік әлсіз отбасыларды материалдық тұрғыдан қолдау мен оларға психологиялық тұрақтылықты қатар ұсыну.
 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тоқаев қазақстандықтарды Еңбек күнімен құттықтады
Бүгін, 08:32

Тоқаев қазақстандықтарды Еңбек күнімен құттықтады

Еңбек пен еңбекқорлық – ұлттық идеологиямыздың арқауына айналған құндылықтар
Бұған дейін тексеру барысында 18 бұзушылық анықталып, оның 15-ін құрылыс салушы жойған
Алатау ауданы әкімдігінен күштеп шығарылғанымен есте қалған
«Оңтүстік Мұнайгаз» компаниясының басшысы Андрей Шилковтың әйелі Елена Шилкова мәлімдеме жасады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →