×

Түркістан қаласында отбасы институтының нығаюы жолында тиісті жұмыстар атқарылуда

Түркістан қаласында отбасы институтының нығаюы жолында тиісті жұмыстар атқарылуда

Түркістан қаласындағы «Отбасын қолдау орталығында» Түркістан қалалық полиция басқармасының отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің инспекторларының қатысуымен «Ата Заң – Тәуелсіздік тірегі» атты шара өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Іс-шара азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, отбасы құндылықтарын насихаттау, мемлекеттік бағдарламалар мен заң нормалары бойынша кеңес беру және отбасындағы зорлық-зомбылық жағдайында әрекет ету жолдарын түсіндіру мақсатында ұйымдастырылған. Кездесуге қатысқан заңгер Айни Түймебаева келушілерге арнайы құқықтық түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Ол қазіргі таңда қоғамда азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру – маңызды әрі өзекті мәселе. Әсіресе, отбасы институтының нығаюы үшін әрбір адамның өз құқығы мен міндетін білуі аса қажеттігін айтты.

Оның сөзінше отбасындағы татулық, сенім мен өзара құрмет – заң аясында ғана нығая түседі. Мысалы, ерлі-зайыптылардың мүліктік құқықтары, баланың тәрбиесі мен білім алуына қатысты ата-ананың жауапкершілігі, зорлық-зомбылықтан қорғау – бәрі де заңмен реттелген. Егер әрбір отбасы мүшесі осы құқықтық нормаларды біліп, сақтаса, дау-жанжал мен түсінбестік едәуір азаяды.
Заңды білу – тек өзіңді қорғау емес, өзгеге зиян келтірмеу мәдениетін қалыптастыру. Осы тұрғыдан алғанда, құқықтық сауаттылық – отбасылық құндылықтардың негізі болып табылады. Сондықтан азаматтар өз құқықтарын білуге, заңнаманы түсінуге, заңгерлердің кеңесіне жүгінуге тартынбауы керек. Қоғамда өз орнын табу, отбасының бірлігін сақтау және болашақ ұрпаққа дұрыс тәрбие беру – осының барлығы құқықтық мәдениеттің қалыптасуымен тығыз байланысты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Руслан Берденовке тағы операция жасалады
Бүгін, 13:10

Руслан Берденовке тағы операция жасалады

Кезекті операция 13 тамызға белгіленген.
Енді ол жиналған қаражатты сатып алушы отбасыға беріп, үйін өз атына қайта рәсімдеуге кіріспе
Жүлдегерлерге 90 бас жылқы мен 10 автокөлік сыйлық ретінде берілді
Сорбұлақта мәйіті табылған Нұржігіт Үйсінбаевтың денесі туған жеріне жеткізілді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →