×

Отбасы қолдау орталығында қандай психологиялық қызметтер көрсетіледі?

Отбасы қолдау орталығында қандай психологиялық қызметтер көрсетіледі?

Түркістан қаласындағы «Отбасын қолдау орталығында» азаматтарға жан-жақты көмек көрсету мақсатында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Аталған орталықта кәсіби психолог мамандар тарапынан тегін психологиялық қызметтер ұсынылады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Түркістан қаласындағы «Отбасын қолдау орталығының» директор орынбасары Ирина Иманбек айтты. Маманның сөзінше орталықта көрсетілетін психологиялық қызметтер – жанұялық тұрақтылықтың берік болуына көмектеседі. Бұл қызметтердің басты мақсаты – отбасылық қатынастарды нығайту, тұрмыстық дағдарыстардың алдын алу және отбасылардың психо-эмоционалдық әл-ауқатын арттыру. Сондай-ақ, отбасыларға арналған түрлі психосессия мен психотренингтер өткізіліп тұрады.

«Бүгінде орталықта психологиялық жеке консультациялар өткізіліп, келушілердің күйзеліс, қорқыныш, эмоционалдық шаршау, сенім дағдарысы сияқты мәселелерді шешеді. Сонымен қатар, ерлі-зайыптылар арасындағы түсініспеушіліктер мен жанжалдарды шешуге бағытталған кеңестер беріп, ата-аналарға арналған балалармен дұрыс қарым-қатынас орнату және тәрбиелеу тәсілдерін меңгеруге көмек беретін тренингтер өтеді. Одан бөлек,  жасөспірімдер мен балаларға оқудағы қиындықтар, өз-өзіне сенімсіздік, құрдастарымен қарым-қатынас секілді мәселелер бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ, зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге психологиялық қолдау – қауіпсіздік, өз-өзін бағалау және қайта бейімделуге көмектесеміз», -дейді маман. 

Айта кетейік, зерделеу жұмыстары барысында «Отбасын қолдау орталығының» мамандары отбасылардың жағдайымен танысып, әлеуметтік мәселелерін тіркеп, қажетті заңгерлік, әлеуметтік, психологиялық кеңестер мен бағыт-бағдар берді. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Руслан Берденовке тағы операция жасалады
Бүгін, 13:10

Руслан Берденовке тағы операция жасалады

Кезекті операция 13 тамызға белгіленген.
Енді ол жиналған қаражатты сатып алушы отбасыға беріп, үйін өз атына қайта рәсімдеуге кіріспе
Жүлдегерлерге 90 бас жылқы мен 10 автокөлік сыйлық ретінде берілді
Сорбұлақта мәйіті табылған Нұржігіт Үйсінбаевтың денесі туған жеріне жеткізілді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →