×

Отбасылық дағдарыс кезінде қандай қолдау көрсетіледі?

Отбасылық дағдарыс кезінде қандай қолдау көрсетіледі?

Түркістан қаласындағы «Отбасын қолдау орталығында» отбасы мүшелерінің әл-ауқатын арттыру, тұрмыстық қиындықтарды еңсеру және жанұя ішіндегі дағдарыстардың алдын алу бағытында жүйелі жұмыстар атқарып келеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Түркістан қаласындағы «Отбасын қолдау орталығының» директор орынбасары Ирина Иманбектің сөзінше орталықтағы психологтар, әлеуметтік қызметкерлер мен заңгерлер дағдарысқа ұшыраған отбасыларға жан-жақты қолдау көрсетеді. Ең алдымен ерлі-зайыптылар арасындағы түсініспеушілік пен жанжалдарды шешу, ажырасу, сатқындық, жоғалту сияқты ауыр психо-эмоционалдық жағдайларды еңсеру, дағдарыс кезеңіндегі күйзеліспен жұмыс жүргізеді. Сонымен қатар, қиындық көріп отырған отбасыларға азық-түлік, киім, дәрі-дәрмек, отын сынды әлеуметтік көмек ұйымдастырып, демеушілермен байланысады. Одан бөлек, құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп отырады.

Айта кетейік, бүгінгі күнге дейін орталыққа 537 отбасы түрлі себептермен өтініш білдірген. Оның ішінде, жұмысқа орналастыру, тұрғын үй мен денсаулық мәселесі, құқықтық және психологиялық кеңес, демеушілік көмекке өтініш, сондай-ақ түрлі оқыту курстарына қатысуға өтінім бергендер бар. Орталық көп балалы және аз қамтылған отбасылардың әл-ауқатын жақсарту, демеушілік көмек көрсетуге және қиын өмірлік жағдайдан шығуға үшінші тұлғаларды тарту бойынша тиімді жұмыс жүргізеді. Сондай-ақ, заң, психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, білім беру және басқа да мәселелер бойынша ақпараттық-консультациялық қызмет көрсетіледі. Одан бөлек, көп балалы және аз қамтылған отбасыларды тіркеу, сауалнама толтыру, оқыту курстарына қатыстыруға үлесін қосады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Руслан Берденовке тағы операция жасалады
Бүгін, 13:10

Руслан Берденовке тағы операция жасалады

Кезекті операция 13 тамызға белгіленген.
Енді ол жиналған қаражатты сатып алушы отбасыға беріп, үйін өз атына қайта рәсімдеуге кіріспе
Жүлдегерлерге 90 бас жылқы мен 10 автокөлік сыйлық ретінде берілді
Сорбұлақта мәйіті табылған Нұржігіт Үйсінбаевтың денесі туған жеріне жеткізілді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →