×

Әрбір қолдаушының көмегі - бір отбасының үміті

Әрбір қолдаушының көмегі - бір отбасының үміті

Түркістан қаласындағы «Отбасын қолдау орталығының» қолдауымен отбасылық құндылықтарды нығайтуға, отбасылық және гендерлік саясатты, ана мен баланы қорғауға бағытталған шаралар ұйымдастырылуда, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қазіргі таңда Отбасын қолдау орталығы әлеуметтік осал, қиын жағдайға тап болған отбасыларға қол ұшын созуды жалғастыруда. Орталық тек мемлекеттік қолдаумен ғана шектелмей, жергілікті кәсіпкерлер мен демеушілерді тарта отырып, нақты көмек көрсетудің тиімді жолдарын іске асырып келеді. Бүгінгі таңда орталыққа жүгінетін өтініштердің басым бөлігі күнделікті тұрмыстық қажеттіліктерге, яғни азық-түлік, балалар киімі, мектеп құралдары, отын, дәрі-дәрмек және емдік тағамдармен қамтамасыз етуге бағытталған. Осы қажеттіліктерді өтеу үшін орталық арнайы демеушілік жобаларды іске қосып, жүйелі жұмыс жүргізіп отыр.

“Біздің міндетіміз – тек қолдау көрсету ғана емес, қиын жағдайға тап болған әр отбасының тағдырына бейжай қарамай, қоғам болып көмектесу. Сол себепті жергілікті кәсіпкерлер мен қайырымды азаматтарды бірлесіп әрекет етуге шақырамыз. Қазіргі таңда бірнеше отбасына азық-түлік пакеттері мен балалар киімі жеткізілді. Сонымен қатар, алыс ауылдан келген көпбалалы анаға қысқы отын мен мектепке қажетті құралдар табысталды. Бұл демеушілер мен орталықтың бірлескен жұмысының нәтижесі”, – деді Түркістан қаласындағы «Отбасын қолдау орталығының» директор орынбасары Ирина Иманбек.

Орталық алдағы уақытта да демеушілер тарту арқылы мұқтаж жандарға көмек көрсетуді жалғастырып, ел ішіндегі әлеуметтік бірлікті нығайтуды көздейді. Әрбір қолдаушының көмегі бір отбасының үміті екенін ұмытпаған жөн.
 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →