×

Төлеби ауданының экономикалық және туристік әлеуетін көтеру жолдары қаралды

Төлеби ауданының экономикалық және туристік әлеуетін көтеру жолдары қаралды

Түркістан облысына қараста, Төлебиде жалпы өңірлік өнім көлемі 6 айдың қорытындысымен 70,8 млрд теңгеге жеткен, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Төлеби ауданына жұмыс сапарымен барып, әлеуметтік және өндірістік нысандарды аралады. Одан кейін аудан активімен кездесіп, Төлебиді дамыту жолдарын талқылады.

–Аудан орталығы Ленгір қаласы қажетті инфрақұрылыммен толық қамтылған. Яғни, инвестиция тарту, жаңа кәсіпорындар мен жұмыс орындарын ашуға барлық жағдай жасалған. Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы іске асырылуда. Бұл – уақытша науқан емес екенін, аталған маңызды жоба жыл бойы өз жалғасын табатынын үнемі айтып жүремін. Қоршаған ортаның тазалығы әркімнің күнделікті дағдысына айналуы қажет. Осы бағыттағы жұмыстарды да жүйелеу керек, – деген Нұралхан Көшеров аймаққа инвестиция тарту, туризмді дамыту, өзіндік кіріс көлемін ұлғайту, ауыл шаруашылығын дамыту және өзге де мәселелер бойынша тапсырмалар берді.

Төлеби ауданында жалпы өңірлік өнім көлемі 6 айдың қорытындысымен 70,8 млрд. теңгеге жетіп, өсім 39 пайызды құрады. Жалпы өңірлік өнімнің 53,3%-ы өнеркәсіп, 20,4%-ы ауыл шаруашылығы, 18,4%-ы сауда және 7,9%-ы құрылыс салаларына тиесілі. Жан басына шаққандағы ішкі өнім көлемі 6 айда 480 мың теңгеге жетіп, өсім 39 пайызды құрады. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 37,7 млрд. теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 107,9 пайызды құрады. Өңдеу өнеркәсібінің өнім көлемі 34 млрд. теңгені құрап, нақты көлем индексі 10,7 пайызға артқан. 2025 жылы өнеркәсіп саласында жалпы құны 6,5 млрд. теңгені құрайтын 4 ірі инвестициялық жоба іске асып, 180 жаңа жұмыс орындары құрылады.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тоқаев қазақстандықтарды Еңбек күнімен құттықтады
Бүгін, 08:32

Тоқаев қазақстандықтарды Еңбек күнімен құттықтады

Еңбек пен еңбекқорлық – ұлттық идеологиямыздың арқауына айналған құндылықтар
Бұған дейін тексеру барысында 18 бұзушылық анықталып, оның 15-ін құрылыс салушы жойған
Алатау ауданы әкімдігінен күштеп шығарылғанымен есте қалған
«Оңтүстік Мұнайгаз» компаниясының басшысы Андрей Шилковтың әйелі Елена Шилкова мәлімдеме жасады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →