×

Түркістан: Кентау қаласында әлеуметтік-құқықтық қолдау көрсету күшейген

Түркістан: Кентау қаласында әлеуметтік-құқықтық қолдау көрсету күшейген

Түркістан облысына қарасты, Кентау қаласында халықтың құқықтық мәдениеті мен әлеуметтік-құқықтық қолдау көрсету мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Осы ретте, Кентау қалалық «Отбасын қолдау орталығының» әлеуметтік қызметкері Гүлнұр Сәрсенбайқызы мен Кентау қалалық полиция бөлімі Жергілікті полиция қызметі бөлімінің Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторлары Майра Құттыбаева және Гауһар Жақсылықова қорғау нұсқамасы шығарылған тұлғаларға мекенжай бойынша аралау жұмыстарын жүргізді. Шара отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу және әлеуметтік-құқықтық қолдау көрсетуге бағытталған. 

Жалпы Түркістан облысындағы әлеуметтік сала қызметкерлері мен құқық қорғау қызметкерлері азаматтарға заңдық кеңес беріп қана қоймай, оларды әлеуметтік қызметтермен қамтудың жолдарын ұсынады. Көп жағдайда адамдар өз құқықтарын білмегендіктен көмек ала алмай жатады. Сондықтан құқықтық сауаттылықты арттыру, қажетті органдарға дұрыс бағыттау маңызды. Әсіресе, отбасылық дағдарыс, тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайында азаматтар кешігіп жүгінеді. Бұл мәселені алдын алу үшін арнайы мамандар құқықтық және әлеуметтік қызметтерді бір арнаға тоғыстырып, кешенді қолдау көрсетеді.

Айта кетейік, Түркістан облысында отбасында зәбір көрген азаматтарға жан-жақты көмек көрсету бойынша ауқымды жұмыстар атқарылуда. Облыстағы тұрмыстық зорлыққа қарсы атқарылып жатқан жұмыстарға оң баға берілді. Демографиялық өсім жағынан озық тұрған Түркістан облысында отбасылық зорлыққа қатысты құқық бұзушылық фактілері биыл айтарлықтай төмендеген. Атап айтқанда, былтыр 1 мыңнан асса, биыл бұл көрсеткіш 56,3%-ға азайған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →