×

Жамбыл облысында құлдықта болған балалар табылды

Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Жамбыл облысында құлдықта болған балалар табылды
Фото әлеуметтік желіден

Жамбыл облысында кәмелетке толмаған балаларды құлдықта ұстау дерегі тіркеліп, қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Полиция аталмыш оқиғаны растаған. Балалар Таразға жеткізіліп, қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Жамбыл облысының Талас ауданында кәмелетке толмаған балаларды құлдықта ұстау фактісіне қатысты: балалардың қайда екені анықталды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды», — деді Закиева.

Оның сөзінше, өңірлік уәкіл Даурен Бақжанов барлық мән-жайды анықтау үшін балаларға қарай жолға шыққан. 

Айта кетейік, бұдан бұрын әлеуметьтік желіде кәмелетке толмаған екі баланың көмек сұраған бейнежазбасы тарап кеткен. Ол видеода балалар мал бағып жүргендерін, телефондарын тартып алғанын және алған жарақаттарын да көрсетеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Абайдың 180 жылдығы Абай ауданында түйінделді
Кеше, 22:53

Абайдың 180 жылдығы Абай ауданында түйінделді

Жүлдегерлерге 90 бас жылқы мен 10 автокөлік сыйлық ретінде берілді
Сорбұлақта мәйіті табылған Нұржігіт Үйсінбаевтың денесі туған жеріне жеткізілді
Алаңда жұртшылық назарына арнайы әзірленген «Абай ауылы» этнографиялық композициясы ұсынылды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →