×

«Баласының ауыртпалығына жүрегі шыдамады». «Дикий» Арманның анасы дүниеден озды

«Баласының ауыртпалығына жүрегі шыдамады». «Дикий» Арманның анасы дүниеден озды
Фото: instagram/nurzhan_imanaliyev

Белгілі қылмыс әлемінің өкілі ретінде танылған Арман Жұмагелдиевтің (Дикий Арман) анасы Роза Жұмагелдиева дүниеден өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы оның жақын досы Нұржан Иманалиев Instagram парақшасында жазды.

«Құрметті досымыз Арманның асыл анасы, тәте Роза өмірден өтті. Жалғыз ұлын ұзақ жылдарға соттаған ауыр кезеңдерді бастан өткерді. Бірақ ол анасынан теріс айналған жоқ», – деп жазды ол.

Нұржан Иманалиевтің айтуынша, Арман Жұмагелдиевтің анасы қайтыс болар алдында Қостанайдағы ұлымен кездеспек болған. Осыдан кейін жүрегі сыр беріп, ауруханаға түсіп, сонда жан тапсырған.

«Сол сәттен кейін жүрек ауыртпалығына шыдай алмай, ауруханаға түсіп, сол жерде жаратушысына қайтты», – деді ол.

Арман Жұмагелдиев 2022 жылғы қаңтар оқиғасына қатысты жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырушы ретінде айыпталып, 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл іске Жұмагелдиевтен бөлек, 43 адамның қатысы болған. Олардың қатарында Махатов қылмыстық тобының мүшесі саналатын кәсіпкер Қайрат Құдайберген мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бесінші департаментінің экс-бастығы Руслан Ысқақов бар.

Жалпы “Дикий Арманның” аты қылмыстық топтар мен түрлі оқиғаларға қатысы бар деп жиі аталады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
FlyArystan Almaty Marathon 2025 жарысында Қазақстан қалаларын біріктірді
Бүгін, 13:56

FlyArystan Almaty Marathon 2025 жарысында Қазақстан қалаларын біріктірді

Әуе компаниясы қатысушыларға арнайы 30% жеңілдік қарастырылған промокод ұсынды
Еңбек пен еңбекқорлық – ұлттық идеологиямыздың арқауына айналған құндылықтар
Бұған дейін тексеру барысында 18 бұзушылық анықталып, оның 15-ін құрылыс салушы жойған
Алатау ауданы әкімдігінен күштеп шығарылғанымен есте қалған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →