×

Алматыда 5 мыңнан астам адам Абай әндерін шырқап, ескерткішіне гүл қойды

Монумент түбіне жүздеген раушан гүлдері қойылды

Алматыда 5 мыңнан астам адам Абай әндерін шырқап, ескерткішіне гүл қойды
Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін, 10 тамыз күні Алматыда қазақтың бас ақыны, ойшыл және ағартушы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына арналған салтанатты рәсім өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Абай алаңындағы іс-шара мерекелік бағдарламаның басты оқиғасына айналып, 5000-нан астам қатысушыны жинады.

Салтанатты жиынға қала әкімі Дархан Сатыбалды, мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері, зиялы қауым өкілдері, шығармашылық және мәдени ұйымдар мен жастар қатысты. Қатысушылар ұлы ойшылдың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым етті. Монумент түбіне жүздеген раушан гүлдері қойылды.


Қала тұрғындары мен қонақтары «Желсіз түнде жарық ай» және «Көзімнің қарасы» атты Абайдың аңызға айналған шығармаларын «Отырар сазы» оркестрінің, Байқадамов атындағы мемлекеттік хор капелласының және Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы студенттер хорының сүйемелдеуімен орындады.


Айта кетейік, Алматыда Абайдың мерейтойына орай 100-ден астам іс-шара ұйымдастырылады: театр қойылымдары, поэзия кештері, әдеби сағаттар, көрмелер, концерттер, жастармен кездесулер, сондай-ақ,спорттық, қайырымдылық және ағартушылық акциялар қаланың барлық ауданында өтеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
FlyArystan Almaty Marathon 2025 жарысында Қазақстан қалаларын біріктірді
Бүгін, 13:56

FlyArystan Almaty Marathon 2025 жарысында Қазақстан қалаларын біріктірді

Әуе компаниясы қатысушыларға арнайы 30% жеңілдік қарастырылған промокод ұсынды
Еңбек пен еңбекқорлық – ұлттық идеологиямыздың арқауына айналған құндылықтар
Бұған дейін тексеру барысында 18 бұзушылық анықталып, оның 15-ін құрылыс салушы жойған
Алатау ауданы әкімдігінен күштеп шығарылғанымен есте қалған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →