×

Абайдың 180 жылдығы Абай ауданында түйінделді

Жүлдегерлерге 90 бас жылқы мен 10 автокөлік сыйлық ретінде берілді

Абайдың 180 жылдығы Абай ауданында түйінделді
Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Абай облысындағы Абайдың 180 жылдығына арналған онкүндік мерейтойлық шаралар легі ақынның туған жері – Абай ауданында түйінделді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бүгін Қарауылтөбеде ұлттық спорттың бірнеше түрінен сайыстар ұйымдастырылды. "Жеті қазына" фестивалі аясында жорға жарысы, сондай-ақ топ бәйге (16 шақырым) мен аламан бәйге (25) өтті. Қазақ күресінен «Түйе палуан» (90 келіден жоғары) мен «Өгіз палуан» (74 келіге дейін) анықталды.

Жүлделі орындарға ие болған спортшыларға облыстың демеушілері атынан жалпы саны 90 бас жылқы мен 10 автокөлік сыйлық ретінде берілді.

Ерекше атап өтерлігі, ұлы Абайдың жақсы көрген ойыны тоғызқұмалақ сайысы мен 180 шақырымдық ултьрамарафонға еліміз бойынша тұңғыш рет автокөлік сыйға тартылды. Семей мен Қарауыл арасын 19 сағат 9 минутта жүгіріп өткен Баубек Ильясов (Батыс Қазақстан облысы) жарыс жеңімпазы атанды. Тоғызқұмалақ сайысында шымкенттік Ғалымжан Темірбаев бірінші орынды иеленді. "Түйе балуан" сайысында маңғыстаулық Нұрдәулет Жарылғапов, «Өгіз палуан» сайысында алматылық Жігер Еркінұлы қарсылас шақ келтірмеді. "Топ бәйгеде" Алматы облысының, "Аламан бәйгеде" Павлодар қаласының, жорға жарысында Қырғызстанның жүйрігі топ жарды. Жүлдегерлердің барлығы көлікті болды. "Жеті қазына" фестивалінің жеңімпаздары жүлдеге жылқы алды.

Облыс әкімі Берік Уәли жорға, топ бәйге, аламан бәйге, тоғызқұмалақ, ултьрамарафон, қазақша күрес жарыстарының жеңімпаздарын марапаттау салтанатына қатысты.

Аймақ басшысы мерейтойлық онкүндік аясында той тойлауға емес, ой ойлауға, рухани, зияткерлік, танымдық, спорттық шараларға баса мән берілгенін айтты.

"Жалпы, 10 күндік іс-шара елдің береке-бірлігінің арқасында жоғары деңгейде өтті деп есептеймін. "Абай академиясы" атты энциклопедиялық портал ашылды. Бірнеше кітаптың тұсауы кесілді. Мыңнан астам команда қатысқан "Абай куиз" интеллектуалдық ойыны өткізілді. Зағип жандар мен нашар көретін азаматтарға арналған кітапхана іске қосылды. Бүгін өздеріңіз көргендей, жүлде қорларының әр аймаққа, тіпті қырғыз еліне дейін кеткені қуантады. Осы ретте тойдың жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан облыстың жанашыр азаматтарына алғыс айтамын", – деді аймақ басшысы.

Он күнге созылған хәкім тойы Қарауылтөбеде “Желсіз түнде жарық ай" гала-концертімен түйінделді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
"Әуеде ұшу арманы еді": Сорбұлақ көлінде құлаған тікұшақтағы командирдің інісі ағасы жайлы естелігін айтты
Кеше, 14:55

"Әуеде ұшу арманы еді": Сорбұлақ көлінде құлаған тікұшақтағы командирдің інісі ағасы жайлы естелігін айтты

Сорбұлақта мәйіті табылған Нұржігіт Үйсінбаевтың денесі туған жеріне жеткізілді
Алаңда жұртшылық назарына арнайы әзірленген «Абай ауылы» этнографиялық композициясы ұсынылды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →