×

«23 миллион теңге әкеліп берді». Алаяқтарға алданған Кәкен Қамзин қуанышты жаңалығын айтты

Енді ол жиналған қаражатты сатып алушы отбасыға беріп, үйін өз атына қайта рәсімдеуге кіріспе

«23 миллион теңге әкеліп берді». Алаяқтарға алданған Кәкен Қамзин қуанышты жаңалығын айтты
Әлеуметтік желі

Алаяқтардың арбауына түсіп, үйінен айрылып қала жаздаған профессор Кәкен Қамзин қуаншты жаңалығын жеткізді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Профессор Кәкен Қамзин алаяқтардың алдап, жымқырған 32 миллион теңгенің толық жиналғанын хабарлады. Бұл туралы ол Facebook-тегі ресми парақшасында жазды.

Оның айтуынша, бір жарым ай бұрын алаяқтарға алданып, баспанасынан айрылып қала жаздаған соң, 5 шілдеден бастап ел-жұрттан «жылу» жинауға мәжбүр болған. Осы уақыт ішінде көпшіліктің қолдауымен 9,5 миллион теңге жиналған.

Бүгін, Қамзиннің сөзінше, аты-жөнін атамауды өтінген бір қайырымды азамат жетіспей тұрған 23 миллион теңгені қолма-қол әкеліп берген.

«Бұл тек қаржылай көмек қана емес, сенімнің, бірліктің, мейірімнің нағыз көрінісі. Ол азаматқа Алла разы болсын!» — деп жазды профессор.

Енді ол жиналған қаражатты сатып алушы отбасыға беріп, үйін өз атына қайта рәсімдеуге кіріспек. Кәкен Қамзин көмек көрсеткен, тілектес болған барша жұртқа шынайы алғысын білдіріп, қазақтың бауырмалдығы мен жанашырлығы жоғалмағанын атап өтті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тоқаев қазақстандықтарды Еңбек күнімен құттықтады
Бүгін, 08:32

Тоқаев қазақстандықтарды Еңбек күнімен құттықтады

Еңбек пен еңбекқорлық – ұлттық идеологиямыздың арқауына айналған құндылықтар

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →