×

Руслан Берденовке тағы операция жасалады

Кезекті операция 13 тамызға белгіленген.

Руслан Берденовке тағы операция жасалады
GOV.KZ

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке тағы бір операция жасалады. Дәрігерлер оның денесінде қалған аңшы мылтығының бытыраларын алып тастауды жоспарлап отыр. Бұл туралы Tengrinews.kz сайтына жәбірленушінің өкілі Жеңіс Тыныбек хабарлады, деп жазады Qaz365.kz.

Оның айтуынша, қазір Берденов Алматыдағы клиникалардың бірінде ем қабылдап жатыр. Кезекті операция 13 тамызға белгіленген.

Еске салсақ, шенеуніктің денесінде әлі күнге дейін 60-тан астам металл бытыра бар. Бұл туралы Берденов әлеуметтік желідегі парақшасында жазып, рентген суретін жариялаған. Ол өзіне бағытталған түрлі айла мен жалған айыптауларға қарамастан, әділ әрі ашық сотқа сенетінін атап өтті.

6 шілдеде Шымкентте басталған қастандық ісі бойынша сот процесінің алғашқы отырысына Берденов қатыспады. Алайда өкілінің айтуынша, ол тараптардың жарыссөзіне дейін сотта көрінуі мүмкін. Бұл дәрігерлердің қорытындысына байланысты.

Қастандық биыл 21 сәуірде қала әкімдігі ғимаратының маңында болған. Ернар Жиембай Берденовке оқ атып, шенеунік ауруханаға жеткізілді. Операция шамамен төрт сағатқа созылған. Жиембай қамауға алынып, оған адам өлтіруге оқталу бабы бойынша айып тағылуда.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Әр үйге газ: Қазақстан бұл межеге қашан жетеді?
Бүгін, 21:11

Әр үйге газ: Қазақстан бұл межеге қашан жетеді?

Елдегі газдандыру жұмысына соңғы жылдары айтарлықтай ден қойылғанмен, түйткіл көп  
Қаланың барлық ауданында санитарлық тазалау жұмысы белсенді жүргізілуде
Ғалым, экономист, ұстаз Ғалымжан Керімбек ұмытылып отырған дәстүрдің мәнін түсіндірді 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →