×

Астанада LRT көпшіліктің қолданысына 2026 жылы беріледі

Астанада LRT-ны тестілік іске қосуға бір айдан аз уақыт қалды.

Астанада LRT көпшіліктің қолданысына 2026 жылы беріледі
Астана әкімдігі

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек LRT жобасының іске қосылу мерзімін және жолақысының алдын ала бағасын жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қала тұрғындарымен кездесу барысында әкімнен жеңіл рельсті көліктің тестілік іске қосылу мерзімі кейінге шегерілді ме деген сұрақ қойылды.

Ештеңе өзгерген жоқ. Қыркүйек айында алғашқы құрамдарды тестілік режимде іске қосуды жоспарлап отырмыз. Тестілеу қорытындысы бойынша оның толыққанды пайдалануға қашан берілетіні белгілі болады. Әдетте тестілік кезең үш айдан алты айға дейін созылады, – деді Қасымбек.

Оның айтуынша, жолақы шамамен 200 теңге болуы мүмкін, бірақ нақты тариф кейінірек жарияланады.

Жоба бойынша жолақы 200 теңгеге дейін деп қарастырылған. Нақты бағасы осы жылдың соңына дейін анықталады, – деп түсіндірді әкім.

Астанада LRT-ны тестілік іске қосуға бір айдан аз уақыт қалды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Сынған ағаш әйелдің үстіне құлады: әкімдік мәлімдеме жасады
Бүгін, 10:49

Сынған ағаш әйелдің үстіне құлады: әкімдік мәлімдеме жасады

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Баға айырмашылығы сәбіз, пияз, қырыққабат, сүт және айран сияқты басқа да өнімдер бойынша тіркелген
Кезекті операция 13 тамызға белгіленген.
Енді ол жиналған қаражатты сатып алушы отбасыға беріп, үйін өз атына қайта рәсімдеуге кіріспе

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →