×

Jetour көлігін алған тұрғындар зар жылап отыр

Олар тиісті органдардан көмек күтеді. 

Jetour көлігін алған тұрғындар зар жылап отыр
Pixabay.com

Семей қаласының тұрғындары автосалоннан сатып алған жаңа Jetour маркалы көліктері бір ай өтпей жатып бұзыла бастағанын айтып, наразылық білдіруде, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Олардың айтуынша, автосалон өкілдері мәселені шешудің орнына «жөндеп береміз» немесе «ештеңе етпейді» деген сылтаулармен шығарып салады.

Көлік иелерінің бірі өзінің Jetour X70 2025 жылғы моделін небәрі тоғыз мың шақырымда жүргізгеннен кейін ақау шыққанын айтады.

Бұл – алғашқы ақау емес. Алдыңғысында 6 600 шақырымда бұзылған. 200 мың шақырымға кепілдік берілген, бірақ неге ол 9 100 шақырымда қайтадан істен шығады? Сервиске апарсаң, жөндеу 15 күн, кейде 30 немесе тіпті 90 күнге созылады. Сол аралықта мен кредитті төлей беруім керек пе? Бұл – қарапайым халықты зар жылату. Тұтынушыларды қорғау агенттігіне жүгініп, тексеріс жүргізулеріңізді сұраймын. Біздің құқығымыз тапталып жатыр, – дейді ол.

Шағымданушылардың сөзіне сенсек, мұндай жағдай тек Семейде емес, елдің басқа аймақтарында да тіркелген.

«Біз машинаны қуанып тұрып целлофаннан шығарғанбыз. 1 жыл 1 ай өтті. Бір күні жолда келе жатып, машина бұзылды: шынжыр үзіліп, қорғағышы шығып кеткен. Не несиені тоқтатпайды, не көлікті жөндемейді, не ақшаны қайтармайды. Сотқа жүгінеміз, бірақ сот тек Қостанайда өтеді. Бір ғана судья қарайды, ал көлік иелері ұтылып жатыр. Кепілдігі бар көліктер үшін сонша ақша төлеп, неге жеңілуіміз керек? – дейді басқа бір көлік иесі.

Ал тағы бір жүргізуші жаңа Jetour X50-ін алғанына бір ай толмай жатып, жүріс бөлігінен артық дыбыстар естіле бастағанын айтады.

Көлікті алған соң 1000 шақырым жүргеннен кейін-ақ артық дыбыстар шыға бастады, – дейді ол.

Көлік иелері мәселені шешпей отырған автосалонға наразы және өз құқықтарын қорғау үшін тиісті органдардан көмек күтуде.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →