×

«Берденовтің адамы»: Шымкент әкімінің орынбасары ұсталған Арман Әбдешовке қатысты жауап берді

Ол жалған ақпарат таратпауға шақырды. 

«Берденовтің адамы»: Шымкент әкімінің орынбасары ұсталған Арман Әбдешовке қатысты жауап берді
GOV.KZ

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденов әлеуметтік желіде тараған өзіне қатысты ақпараттың жалған екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бүгін Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шымкент қалалық сәулет және қала құрылысы басқармасының бұрынғы басшысы Арман Әбдешовтің ұсталғанын хабарлаған еді. Осыдан кейін желіде «Әбдешов – Берденовтің адамы» деген қауесет тарап кеткен.

Берденов бұл мәліметтерді жоққа шығарып, ешқандай байланысы жоқ екенін атап өтті.

Ақпараттық кеңістікте мен туралы тағы бір жалған мәлімет тарады. Бүгін ұсталған, Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасының бұрынғы басшысы Арман Әбдешовке қатысты кейбір дереккөздер таратқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Оның «менің адамым» екендігі туралы кез келген мәлімдемелердің еш негізі жоқ. Мен оған еш қатысым жоқ. Ол бұл қызметке мен әкімдікке келгенге дейін тағайындалған, – деді ол.

Әкім орынбасары БАҚ пен әлеуметтік желі авторларын кез келген мәліметті жариялар алдында тексеріп, жалған ақпарат таратпауға шақырды.

Айта кетейік, Арман Әбдешов бөтеннің мүлкін иемденді деген күдікке ілінді. Қылмыстық істі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тергеп жатыр. Ол сәулет және қала құрылысы басқармасын биылғы ақпанда басқарған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бұрынғы депутаттың қызы ғарышқа турист ретінде аттанады
Бүгін, 11:07

Бұрынғы депутаттың қызы ғарышқа турист ретінде аттанады

Қарағұсова бұл миссияның оның өміріндегі ерекше маңызын атап өтті.
Елімізде жыл сайын 1 қазан – Халықаралық қарттар күні аталып өтеді
Зерттеу нәтижесі жастардың ел дамуына қосар үлесін айқындады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →