×

Сот шешімі шықты: Маңғыстау облысының әкімі некесіз туған баласы үшін енді алимент төлейді

Оған алимент төлеуді міндеттеді.

Сот шешімі шықты: Маңғыстау облысының әкімі некесіз туған баласы үшін енді алимент төлейді
Әлеуметтік желі

Маңғыстау облысында аймақ әкімі Нұрдәулет Қилыбай мен облыстық мәслихаттың бұрынғы депутаты Ынташ Наурызова арасындағы әкелікті анықтау жөніндегі дау өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ұзаққа созылған сот процесінің қорытындысы бойынша, сот Нұрдәулет Қилыбайды үш жасар баланың әкесі деп танып, оған алимент төлеуді міндеттеді.

Сот шешімімен Әміре Наурыздың туу туралы куәлігіне өзгерістер енгізіліп, балаға әкесінің тегі мен әкесінің аты жазылады. Сонымен қатар, облыс әкімі бала кәмелетке толғанға дейін ай сайынғы ресми табысының 25 пайызын алимент ретінде төлеуге тиіс.

Бұл даулы оқиға 2025 жылдың маусымында Ынташ Наурызованың президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасап, қоғам назарын аударуынан басталған. Ол 2022 жылы әкімнен ұл туғанын, алайда шенеунік баладан бас тартып, өзіне қысым көрсеткенін айтқан. Сол кезде Нұрдәулет Қилыбай бұл айыптауларды жоққа шығарып, «Жылтырағанның бәрі алтын емес, әлеуметтік желіде жазылғанның бәрі шындық емес» деп жауап берген еді.

Наурызова кейін сотқа жүгініп, ДНҚ сараптамасын тағайындауды талап етті. Бұған дейін Маңғыстау облысының полиция департаменті оған қатысты «жала жабу» бабымен арыз түскенін де растаған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Олар тиісті органдардан көмек күтеді. 
Астанада LRT-ны тестілік іске қосуға бір айдан аз уақыт қалды.
Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →