×

Түркістан қаласында ана мен баланың өмірі сақталды

Түркістан қаласында ана мен баланың өмірі сақталды

Түркістан қаласында жоғары мамандандырылған медициналық көмек пен перинаталдық орталықтың білікті мамандарының үйлесімді әрекеттерінің арқасында ана мен баланың өмірі сақталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Түркістан қаласында 36 жастағы жүкті әйел, жүктіліктің 34 аптасында бірнеше диагнозбен облыстық перинаталдық орталыққа жеткізілді. Тексеру нәтижесінде бала жолдасының жатыр және қуық қабырғасына ене өсуі мен жатыр тыртығы, кіндік бауының ұрық мойнына 1 рет оралуы, гестациялық гипертензия диагнозы анықталды. Бұл жағдайлар “Placenta percreta PAS III” асқынуларына әкелген.

Дәрігерлер науқасқа кесар тілігі арқылы ота жасап, сәбиді аман алып қалған. Перинаталдық орталық дәрігерлерінің командалық жұмысы мен дер кезінде медициналық көмек көрсетуінің нәтижесінде жүкті әйелге күрделі ота жасалып, қалыпты жағдайда босанғаннан кейінгі бөлімге ауыстырылды. Қазіргі уақытта ана мен бала қанағаттанарлық жағдайда үйіне шығарылды.

Бұл оқиға жүкті әйелдерді жүйелі медициналық бақылаудан өткізу, қауіпті асқынуларды ерте анықтау және оларды дер кезінде емдеу – ана мен баланы қорғаудың басты кепілі екенін тағы да дәлелдейді. Түркістан қаласында соңғы жылдары перинаталдық көмек жүйесі жетілдіріліп, жүкті әйелдерге көрсетілетін медициналық қызмет сапасы артып келеді. Ана мен бала денсаулығын сақтау – өңірдегі денсаулық сақтау саласының басты басымдықтарының бірі. Мұндай күрделі медициналық жағдайда жоғары технологиялық құрал-жабдықтар мен білікті мамандардың үйлесімді жұмысы шешуші рөл атқарды. Дәрігерлердің шұғыл әрекеттерінің нәтижесінде ота сәтті өтіп, ана мен баланың өмірі сақталды.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →