×

Түркістанда ана мен бала денсаулығына басымдық берілген

Түркістанда ана мен бала денсаулығына басымдық берілген

Түркістанда ана мен бала денсаулығын сақтау және қорғау үшін кешенді шаралар жүзеге асырылып, нақты нәтижелерге қол жеткізілуде, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бүгінде Түркістан облысында 2,2 млн астам адам бар. Репродуктивті жастағы әйелдер саны – 433 мыңнан астам, ал 18 жасқа дейінгі балалар – 900 мыңға жуық. Жыл сайын орта есеппен 54 мыңға жуық сәби дүниеге келеді. Бұл салада тек көрсеткіштермен емес, нақты нәтиже мен өмірлік маңызы бар шешімдермен жұмыс жүргізілуде. Жүйелі бақылау, білікті кадр, қолжетімді диагностика және заманауи технологиялар –басты құрал болып табылады. Осындай демографиялық серпін денсаулық сақтау жүйесінен жоғары сапа мен тиімділікті талап етеді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиевтің айтуынша, соңғы екі жылда ана мен бала өлімінің көрсеткіштері тұрақты түрде төмендеген. Бұл оң динамика профилактикалық скрининг, перинаталдық көмек және кадр дайындығы жүйесіндегі сапалы өзгерістердің нәтижесі.

Жүктілік кезінде ұрықтың даму патологияларын ерте анықтау – ана мен бала өмірін сақтаудың басты құралы. Бүгінде өңірде пренаталдық скринингпен қамту деңгейі 88%-ға жеткен. Бұл – халықаралық стандарттарға жақындаған жоғары көрсеткіш. Бұл мақсатта 47 УДЗ маманы оқытылып, оның 12-сі Ұлыбританиядағы Fetal Medicine Foundation (FMF) сертификатына ие болған. Осы шаралардың нәтижесінде туа біткен даму ақауларының ерте диагностикасы 4%-ға артқан.

Сондай-ақ, «Аңсаған сәби» бағдарламасы өңірде нақты нәтижелерге жеткізуде. Бедеулікпен күрес және экстракорпоральды ұрықтандыру қызметтерінің қолжетімділігі артып, соңғы 4 жылда бағдарлама аясында 780 бала дүниеге келген. Оның ішінде 84 егіз және 2 үшем тіркелген. Бұл – әлеуметтік әділеттіліктің және медициналық көмектің тең қолжетімділігінің нақты көрінісі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →