×

Бала күтіміне берілетін ай сайынғы төлемдердің орташа мөлшері белгілі болды

Шілде айында 125,8 мың адамға 3,7 млрд теңге төленді.

Бала күтіміне берілетін ай сайынғы төлемдердің орташа мөлшері белгілі болды
Pixabay.com

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, жыл басынан бері мемлекет тарапынан көрсетілетін жәрдемақылар мен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жүктілік, босану және бала күтімі бойынша төлемдер жалпы 506,7 млрд теңгеге жетіп, 408,5 мың адамды қамтыған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бала күтімі бойынша төлемді тек міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар ғана емес, сонымен бірге жұмыс істемейтін ата-аналар да ала алады. Бұл құқық туған немесе асырап алған баласы барларға, сондай-ақ қамқоршылықтағы және өгей балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға да берілген.

Есепті кезеңде 1,5 жасқа дейінгі бала күтімі үшін жәрдемақыға 124,1 мың адам қол жеткізді. Бұл мақсатқа жалпы 25,4 млрд теңге бөлінген. Ал шілде айында 125,8 мың адамға 3,7 млрд теңге төленді.

Министрліктің мәліметіне сәйкес, 2025 жылдың қаңтар-шілде айлары аралығында бала күтіміне байланысты төлемдер 254,2 млрд теңгеге жетіп, 150,8 мың адамға тағайындалған. Оның ішінде тек шілде айының өзінде 21,6 мың адамға 36 млрд теңге төленген.

Жылдың алғашқы жеті айында бала күтіміне берілетін төлемнің ай сайынғы орташа мөлшері 88 766 теңгені құраған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Жүйенің сынақтық іске қосылуы 2025 жылдың қыркүйегіне жоспарланған.
Ол соңғы екі жылда Шығыс Қазақстан облысы Ішкі саясат басқармасының басшысы қызметінде болды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →