×

Отбасындағы теңсіздік - тұрмыстық жанжалдың әсерінен – психолог

Отбасындағы теңсіздік - тұрмыстық жанжалдың әсерінен – психолог

Түркістан қаласындағы «Отбасын қолдау орталығының» директор орынбасары, психолог Ирина Иманбектің айтуынша Түркістан қаласы секілді дәстүрлі ортада гендерлік саясатты ұлттық құндылықтармен ұштастыру аса маңызды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол өз сөзінде Түркістан қаласындағы «Отбасын қолдау орталығының» қолдауымен отбасылық құндылықтарды нығайтуға, отбасылық және гендерлік саясатты, ана мен баланы қорғауға бағытталған шаралар ұйымдастырылып жатқандығын айтты.

«Қазіргі таңда Отбасын қолдау орталығы әлеуметтік осал, қиын жағдайға тап болған отбасыларға қол ұшын созуды жалғастыруда. Орталық тек мемлекеттік қолдаумен ғана шектелмей, жергілікті кәсіпкерлер мен демеушілерді тарта отырып, нақты көмек көрсетудің тиімді жолдарын іске асырып келеді. Сонымен қатар, отбасы мүшелеріне психологиялық қолдау көрсетеді. Отбасы - адамның тұлға болып қалыптасатын ең алғашқы мектебі. Баланың өзін-өзі бағалауы, өзгені құрметтеуі, жауапкершілікті сезінуі, ең алдымен, үйдегі қарым-қатынастан басталады. Егер ата-ана арасында сенім, сыйластық болса, бала да соны үлгі етеді. Қазақы отбасында әкенің абыройы, ананың мейірімі ерекше бағаланады. Бірақ заманауи қоғамда қыз балаға да, ұл балаға да тең мүмкіндік беру - болашақтағы отбасылық гармонияның кепілі. Отбасындағы теңсіздік - тұрмыстық жанжалдың, тіпті зорлық-зомбылықтың басты себебі. Психолог ретінде айтарым ерлі-зайыптылардың бір-бірін тыңдай білуі, сезімін ашық айтуы, ортақ шешім қабылдауы - гендерлік саясаттың да, отбасылық психологияның да негізгі талабы. Бұл – гендерлік саясаттың психологиялық қыры. Жас ұрпаққа «сенің пікірің маңызды, сенің таңдауың бағалы» деген сенімді дарытсақ, қоғамда теңдік те, татулық та артады»,- дейді маман.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бұрынғы депутаттың қызы ғарышқа турист ретінде аттанады
Бүгін, 11:07

Бұрынғы депутаттың қызы ғарышқа турист ретінде аттанады

Қарағұсова бұл миссияның оның өміріндегі ерекше маңызын атап өтті.
Елімізде жыл сайын 1 қазан – Халықаралық қарттар күні аталып өтеді
Зерттеу нәтижесі жастардың ел дамуына қосар үлесін айқындады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →