×

Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында Алмаарасан шатқалы тазартылды

Өткелді шатқалына келушілер санының жыл сайын артып келе жатқанын атап өтті.

Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында Алмаарасан шатқалы тазартылды
Алматы әкімдігі

Мемлекет басшысының тапсырмасымен ел көлемінде қолға алынған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясына Алматы қаласы да белсенді түрде үн қосты. Аталған бастамаға Жол активтері сапасының ұлттық орталығының Алматы қалалық филиалы ұжымы қатысып, табиғатты қорғау бағытында үлес қосты, деп хабарлайды Qaz365.kz 

Бұл жолы орталық қызметкерлері қалаға жақын орналасқан, туристер жиі баратын Алмаарасан шатқалының Өткелді аймағында тазалық жұмыстарын жүргізді. Ұжым бірнеше қап тұрмыстық қоқыс жинап, демалыс орнының келбетін жаңартты.

Іле-Алатау ұлттық паркінің қызметкерлері де шараға атсалысып, Өткелді шатқалына келушілер санының жыл сайын артып келе жатқанын атап өтті. Олардың айтуынша, табиғатты қорғау – барша азаматтың ортақ міндеті.

Жол активтері сапасының ұлттық орталығы Алматы филиалының директоры Мәулен Әліпов бұл бастаманың маңыздылығына тоқталып, жұртшылықты табиғатқа жанашырлықпен қарауға шақырды:

«Біз мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» акциясын қолдай отырып, ұжымымызбен Іле-Алатау ұлттық паркіндегі Өткелді шатқалында тазалық жұмыстарын жүргіздік. Қала тұрғындары мен қонақтары жиі келетін орын таза болуы тиіс деп санаймыз», – деді ол.

Бұл шара қоршаған ортаны қорғау мәдениетін арттырып қана қоймай, экотуризмді дамытуға да оң ықпал етеді. Мамандардың пікірінше, табиғатты аялау – әр азаматтың күнделікті дағдысына айналуы керек.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Жыл басынан бері республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне жалпы 2 трлн 451,4 млрд теңге бағытталған.
Оның сөзінше, құқықтарын қорғау үшін ол әкімдікке және орыс қауымдастығына жүгінген.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →