×

Түркістанда өткен семинар: Әйелдің ішкі әлеміне саяхат

Түркістанда өткен семинар: Әйелдің ішкі әлеміне саяхат

Түркістан қаласындағы «Отбасын қолдау орталығы» директорының орынбасары, психолог Ирина Иманбектің айтуынша әйелдің ішкі әлемі - тек эмоциялық сезімдермен ғана емес, рухани және әлеуметтік қажеттіліктермен де байланысты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Әйелдің ішкі әлемі – өте нәзік әрі терең дүние. Әйел өзін тек ана, жар немесе отбасының мүшесі ретінде ғана емес, жеке тұлға ретінде тануға тиіс. Оның ішкі дүниесінде мейірім, қайсарлық, шығармашылық пен интуиция қатар өріліп жатады. Әйел ішкі әлемін үйлесімде ұстай алса, ол өзіне де, отбасына да, қоғамға да үлкен пайда әкеледі. Ал ішкі жан дүниесін елемеу күйзеліс пен түрлі қиындықтарға соқтыруы мүмкін. Сондықтан әйелдер үшін психологиялық қолдау, ашық әңгіме алаңы өте маңызды. Осы мақсатта Түркістан қаласында «Отбасын қолдау орталығы» мен «Бейсана» Қазақстандық психологтар қоғамдастығының ұйымдастыруымен «Әйелдің ішкі әлемі» атты семинар өткен болатын. Мұндай шаралар әйелдерге өздерін тануға, стрессті басқаруға, өмір сапасын арттыруға бағыт-бағдар беріп, жан дүниесін байытуға ықпал етеді. Біз әйелдердің өз-өзіне көңіл бөлуі, психологиялық мәдениетін арттыруы – қоғамның дамуы үшін аса қажет деп санаймыз», деді маман.

Жалпы отбасын қолдау орталығының ең басты міндеті – қоғамдағы әйелдерге жан-жақты қолдау көрсету. Бүгінде әйел тек отбасының ұйытқысы ғана емес, сонымен бірге қоғамның дамуына үлес қосатын тұлға. Сондықтан орталық тарапынан көрсетіліп жатқан психологиялық, құқықтық және әлеуметтік көмектердің маңызы зор. Мәселен, орталық әйелдерге отбасылық қатынастарды нығайту үшін психологиялық кеңес береді, заң тұрғысынан туындаған мәселелерде бағыт-бағдар көрсетеді. Сондай-ақ, әлеуметтік жағдайы төмен аналарға мемлекет ұсынатын жәрдемақылар мен бағдарламалар жөнінде кеңестер ұсынып, құжат рәсімдеуде қолдау көрсетеді.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →