×

Шерзат Болаттың отбасы қазан айына дейін жаңа үйге көшеді

Шерзат Болаттың отбасы қазан айына дейін жаңа үйге көшеді
Фото: коллаж Qaz365.kz

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігі Шерзат Болаттың отбасына жаңа үй салуды өз бақылауына алды. Құрылысқа қаржылық қолдауды аталған аудандағы  демеушілер ұсынды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Әкімдік құрылыс барысын үйлестіруге және қадағалауға жауапты.

Қашан аяқталады және қашан көшеді?

Құрылыс жұмыстары шығындары толықтай демеушілер есебінен жабылып жатыр. Үй қазан айына дейін дайын болады деп жоспарланған.

Еске сала кетейік, Шерзат Болаттың үйі өткен жылдың 12 қазанында өртеніп кеткен еді. Полиция бөтеннің мүлкін қасақана жою фактісі бойынша іс қозғаған болатын.

Кейін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы облысының әкімі неліктен марқұм Шерзат Болаттың отбасына өртенген үйдің орнына жаңа үй берілмегенін түсіндірген еді.

Шерзат Болат ісі

2024 жылы қазанның 3-інен 4-іне қараған қараған түні Талғар қаласында ер адамдар арасында жанжал шығып, соңы төбелеске ұласқанын жазған едік. Жанжал салдарынан екі жігіт аудандық ауруханаға жеткізілген, олардың бірі алған жарақатынан жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Кейін марқұм болған 16 жастағы Шерзат Болат есімді бозбала екені хабарланды.

·  Оқиға болғаннан кейін, бірнеше күннің ішінде Болаттың отбасының үйі өртке оранды. Бас прокуратура бұл жағдайды қасақана өрт деген тұжырыммен бағалады. Оқиғаның барынша жылдам тергелуі күтілгенімен, 2025 жылғы тамызда тергеу тоқтатылған еді.

5 маусымда Жетісу облысының мамандандырылған соты қылмыс қатысушыларын 1,5 жылдан 23 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырған үкім шығарды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →