×

Әйелдің ішкі әлемі – сезімге толы - Психолог

Әйелдің ішкі әлемі – сезімге толы - Психолог

Түркістан қаласындағы «Отбасын қолдау орталығының» психолог маманы Гүлмира Исаеваның сөзінше Түркістан қаласында өткен «Әйелдің ішкі әлемі» атты шара – нәзік жандылардың жан дүниесіне терең үңілуге, олардың қоғамдағы рөлі мен отбасындағы орнына жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Әйелдің ішкі әлемі – сезімге толы, ерекше нәзік әрі сонымен бірге мықты тұстарға бай әлем. Сол себепті, мұндай кездесулер әйелдердің өз-өзін тануына, күйзелісті азайтуына, рухани күшін арттыруына ықпал етеді. Отбасын қолдау орталығында біз әйелдерге психологиялық кеңес беру, өмірлік қиын жағдайларды еңсеру жолдарын көрсету, өз құндылығын сезінуге көмектесу бағытында жұмыс істейміз. Әсіресе, отбасылық қарым-қатынасты жақсарту, бала тәрбиесінде түсіністік орнату, өз-өзіне сенімділікті арттыру мәселелері жиі қарастырылады. «Әйелдің ішкі әлемі» атты шара осы тұрғыда өте өзекті болды. Өйткені, әрбір әйелдің жан тыныштығы – оның отбасының, тіпті тұтас қоғамның берекесіне тікелей әсер етеді. Сонымен қатар, шара біздің қызметімізді толықтыра түсіп, әйелдердің бір-бірімен тәжірибе алмасуына, жан дүниесін ашуына мүмкіндік берді. Мұндай басқосулар әйелдің өзін тұлға ретінде сезінуіне, психологиялық тұрғыдан жеңілдеуіне және жаңа шабыт алуына ықпал етеді. Өйткені, әрбір әйелдің ішкі тыныштығы мен жан дүниесінің тепе-теңдігі – тек оның отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның тұрақтылығы мен берекесінің кепілі»,- деді маман.

Айта кетейік, Отбасын қолдау орталығының мақсаты өмірлік қиын жағдайға тап болған әрбір отбасына психологиялық, әлеуметтік, тұрғын үй және заңгерлік көмек көрсету, белсенділікке ынталандыру, өзін-өзі жүзеге асыру және өзін-өзі қамтамасыз ету бойынша жұмыс, көп балалы, аз қамтылған және толық емес отбасылармен отбасылық бизнесті және басқа да кәсіпкерлік қызметті ашу бойынша кеңес беру.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →