×

Түркістан қаласындағы «Отбасын қолдау орталығына» Ұлттық комиссия мүшелері келді

Түркістан қаласындағы «Отбасын қолдау орталығына» Ұлттық комиссия мүшелері келді

Түркістан қаласындағы «Отбасын қолдау орталығына» Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы тарапынан құрылған топ келді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Сапар барысында комиссия мүшелері облыстың әлеуметтік нысандарына мониторинг жүргізіп, отбасы институтын нығайту, әйелдер мен балаларды қолдау бағытындағы жұмыстардың барысымен танысты. Бұл іс-шара өңіріміздегі әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіруге, жаңа бастамаларды іске асыруға және халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға айрықша мүмкіндік бермек. Кездесу барысында «Отбасын қолдау орталығының» негізгі бағыттары жан-жақты таныстырылды. Атап айтқанда, орталықтың қызметі неке мен отбасылық құндылықтарды сақтау және насихаттау, отбасылық жанжалдарды шешу, медиация арқылы келісімге келтіру, өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға мобильді топтар арқылы кешенді көмек көрсету, психологиялық қолдау мен кеңес беру, цифрландыру үдерісі аясында қызмет көрсетуді қолжетімді ету, гендерлік саясатты дамыту, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша іс-шараларды жүйелі жүргізу сияқты маңызды бағыттары түсіндірілді.

Сонымен қатар, комиссия өкілдері өңірдегі әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау, отбасылардың әлеуметтік жағдайын жақсарту, жастарды қолдау және қоғамда отбасылық құндылықтарды нығайтуға арналған бірлескен жобаларды жүзеге асыру қажеттігін атап өтті. Сарапшылардың пікірінше, Түркістан қаласындағы «Отбасын қолдау орталығы» – тек әлеуметтік көмек көрсететін орын ғана емес, сонымен қатар отбасылық құндылықтарды насихаттайтын, қоғамдағы тұрақтылық пен татулықты арттыруға үлес қосатын маңызды институт болып табылады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →