×

Қарағандыда сәби 22 магнитті шарды жұтып қойған

Балаға ота жасалды

Қарағандыда сәби 22 магнитті шарды жұтып қойған
Фото әлеуметтік желіден

Қарағандыда бір жарым жасар сәби ойыншықтағы 22 магнит шарды жұтып қойған. Соның салдарынан баланың ішкі ағзалары жарақаттанып, қызуы көтерілген. Дәрігерлер баланы шұғыл түрде ауруханаға жеткізіп, ота жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Мамандар тексеру кезінде магниттердің бір-біріне жабысып үлгергенін анықтаған. Ішкі ағзаларға зақым келу қаупі болғандықтан, хирургтар кішкентай науқасты бірден операцияға алған. Қазіргі таңда ол сауығып келе жатыр.

«Баланы дереу отаға дайындадық. Барлық магнит алынып тасталды. Қазіргі таңда оның жағдайы тұрақты, жансақтау бөлімінен жалпы палатаға ауыстырылды», – деді Қарағанды облыстық клиникалық ауруханасының шұғыл хирургия бөлімінің меңгерушісі Бейбіт Бердібеков.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыда брайль қарпі мен IT-аймағы бар заманауи кітапхана ашылды
10.01.2026ж. 16:27

Алматыда брайль қарпі мен IT-аймағы бар заманауи кітапхана ашылды

Ерекше қажеттілігі бар азаматтар үшін арнайы бейімделген жұмыс орындары қарастырылған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →