×

Отбасылық құндылықтарды дәріптеу – ұлт болашағына салынған инвестиция - Психолог

Отбасылық құндылықтарды дәріптеу – ұлт болашағына салынған инвестиция - Психолог

Түркістан қаласындағы «Отбасын қолдау орталығының» психолог маманы Ирина Иманбектің сөзінше орталықтың негізгі міндеттерінің бірі – отбасындағы мәселелерді дер кезінде анықтап, психологиялық қолдау көрсету, жанжалды жағдайларды шешу жолдарын табуға көмектесу, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Маманның айтуынша ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия тарапынан орталықтың жұмысына назар аударылып, мониторинг жүргізілуі – отбасылық құндылықтарды нығайту ісіне берілген үлкен қолдау. Өйткені отбасы – қоғамның ең басты іргетасы. Отбасы институтының мықты болуы – балалардың дұрыс тәрбиеленуіне, әйелдердің әлеуметтік жағдайының жақсаруына және қоғамдағы тұрақтылықтың сақталуына тікелей әсер етеді.

«Әйелдер мен балаларға психологиялық қолдау көрсету, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, сонымен қатар отбасылық құндылықтарды дәріптеу жұмыстары тек бір мекеменің емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Бұл бағыттағы жұмыстарға мемлекеттік органдармен бірге қоғамдық ұйымдар, білім беру және денсаулық сақтау мекемелері, ең бастысы – қоғамның әрбір мүшесі белсенді атсалысуы қажет. Себебі, отбасы мәселесі – ұлттың болашағына тікелей ықпал ететін маңызды тақырып. Сондықтан бүгінгі кездесуді біз ынтымақтастықты нығайтуға, жаңа бастамаларды жүзеге асыруға жол ашатын маңызды қадам деп есептейміз. Әртүрлі саланың мамандарының бас қосып, бірлескен жоспар құруы – тек проблемаларды анықтап қана қоймай, оларды шешудің тиімді жолдарын табуға мүмкіндік береді. Менің ойымша, отбасы институтын нығайтуға бағытталған мұндай шаралар халықтың әл-ауқатын арттыруға, әрбір адамның өзін қауіпсіз әрі қолдау тапқан ортада сезінуіне ықпал етеді»,- деді психолог.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →