×

Қазақстанда жолдағы жылдамдық режимі қайта қарастырылуы мүмкін

Елімізде жол-көлік оқиғаларының саны артып келеді. 

Қазақстанда жолдағы жылдамдық режимі қайта қарастырылуы мүмкін
Pixabay.com

Қазақстанда қала көшелерінде көлік қозғалысының рұқсат етілген жылдамдығын азайту мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл туралы 2025 жылғы 27 тамызда өткен Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Журналистер елімізде жол-көлік оқиғаларының саны үнемі артып отырғанын еске салып, басты себептердің бірі - жылдамдықты арттыру екенін атап өтті.

Әкімшілік полиция комитеті заңдар мен нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру бағытында үнемі жұмыс істейді. Қазір қала ішінде көлік қозғалысының жылдамдығын төмендету мәселесін қарастырып жатырмыз. Парламент депутаттары каникулдан оралғаннан кейін бұл мәселені олармен талқылауды жоспарлап отырмыз, – деді Сұлтанбаев.

Бұған дейін ол 2025 жылдың басынан бері жол апаттарынан 176 бала қаза тапқанын хабарлаған болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шымкент жастары 451 пәтерді заңсыз иемденген
Кеше, 10:14

Шымкент жастары 451 пәтерді заңсыз иемденген

Тексеру барысында 451 азамат тұрғын үйді жалға алу шарттарын бұзғаны белгілі болды
Мерекенің шарықтау шегінде жастар «Той жыры» әнін тірі дауыста бірге шырқап, ұлттық музыканың терең тәрбиелік мәнін тағы бір мәрте дәлелдеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →