Қазір нысанға қатысты жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр.
2026 жылы Абай облысының Ақсуат ауданында, Қарғыба өзенінің бойында жаңа су қоймасының құрылысы басталады. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Қазір нысанға қатысты жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр.
«Қазсушар» РМК Абай облыстық филиалының басшысы Жарқынбек Байсабыровтың айтуынша, жоба егжей-тегжей қаралып, барлық ұсыныс талқыланған.
Аудандық әкімдікпен бірлесіп ішкі каналдарды қарап шықтық. Жергілікті атқарушы органдар олардың реконструкциясына жобалық-сметалық құжаттама дайындайды. Жаңа су қоймасы мен магистральді каналдардың іске қосылуы ауданның ирригациялық жүйелерінің толыққанды әрі тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, - деді ол.