×

«Бұл біздің артықшылығымыз». Дәурен Абаев Қазақстан халқының 95 пайызы орысша сөйлейтінін айтты

«Бұл біздің артықшылығымыз». Дәурен Абаев Қазақстан халқының 95 пайызы орысша сөйлейтінін айтты
Фото: gov.kz

Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев ТАСС агенттігіне берген сұхбатында ел халқының шамамен 95 пайызы орыс тілін білетінін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Қазақстанда, меніңше, халықтың 95 пайызы орыс тілін біледі және біз орыс тілін білу – біздің артықшылығымыз әрі күшіміз деп санаймыз. Әрине, басты басымдық мемлекеттік тіліміз – қазақ тілінде және оның рөлі жыл сайын артып келеді. Бірақ сонымен бірге, елімізде барлығының орыс тілін білетініне біз өте қуаныштымыз, өйткені бұл – біздің артықшылығымыздың бірі», – деді елші.

Абаевтың айтуынша, Қазақстандағы 7 мың мектептің шамамен 3 мыңында білім беру орыс тілінде жүргізіледі. Сонымен қатар, барлық мектепте орыс тілі міндетті пән ретінде оқытылады.

«Орыс тілін біз Қазақстанда бәсекеге қабілеттілік беретін тіл деп санаймыз», – деді ол.

Айта кетейік, жуырда Алматыдағы жаңа мектептің тек қазақ тілінде ашылады деген үміт болғанымен, аралас тілде жұмыс істейтіні белгілі болып, ата-аналар наразылық танытқан еді. Бұл жағдай қоғамда қызу пікірталас туғызды: бір бөлігі мемлекеттік тілдің рөлін күшейтуді талап етсе, енді бір бөлігі екітілділіктің еңбек нарығында нақты артықшылық беретінін алға тартуда.

Тіл тақырыбы – қоғамдағы сезімтал мәселе. Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру мен жаһандық коммуникацияға ашық болудың тепе-теңдігін табу – билік пен қоғам үшін ортақ міндет. Елшінің бұл пікірі де аталған мәселені қайтадан күн тәртібіне шығарды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Абай облысында жаңа су қоймасы салынады
Бүгін, 10:13

Абай облысында жаңа су қоймасы салынады

Қазір нысанға қатысты жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр.
Балаға қойылған есім оның болашағына, тағдырына ізгі ықпал етеді
Конституциямыз Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің, қазақ мемлекеттілігінің берік тұғырына айналды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →