×

Отбасылық саясат пен гендерлік саясат бір-бірінен бөлек қарастырылмауы тиіс – Психолог

Отбасылық саясат пен гендерлік саясат бір-бірінен бөлек қарастырылмауы тиіс – Психолог

Түркістан қаласындағы «Отбасын қолдау орталығы» – отбасы институтын нығайту мен гендерлік теңдікті қамтамасыз етуде маңызды жұмыс атқарып келеді, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

«Отбасын қолдау орталығының» психолог маманы Гүлмира Маралбекқызының сөзінше гендерлік саясат – әйел мен ердің қоғамдағы орнына тең қарау, олардың құқықтары мен бостандықтарын сақтап, әлеуетін толық пайдалануға жағдай жасау. Бұл саясаттың басты мақсаты – әйелдің тек отбасы шеңберінде ғана емес, қоғам өмірінің барлық саласында белсенді болуына мүмкіндік беру. Ал отбасы институтын нығайту арқылы – елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей әсер ету.

«Түркістан қаласындағы «Отбасын қолдау орталығы» - отбасылық кеңес беру арқылы ерлі-зайыптылар арасындағы түсіністі арттырып, отбасындағы жанжалдардың алдын алады. Бұл – берекелі отбасының қалыптасуына ықпал етеді. Сонымен қатар, психологиялық қолдауды әйелдерге де, ерлерге де көрсетіледі. Себебі эмоционалды тұрақтылық – отбасы татулығының басты шарты. Одан бөлек, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға, әйелдердің құқығын қорғауға және отбасы заңнамаларына қатысты сауаттылықты арттыруға бағытталған құқықтық кеңестер береді. Орталық әйелдердің кәсіп ашуына, ерлердің еңбекке белсенді араласуына да жағдай жасайды. Бұл – отбасының материалдық тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Психолог маман ретінде айтарым, отбасылық саясат пен гендерлік саясат бір-бірінен бөлек қарастырылмауы тиіс. Әйел мен ердің рөлі тең дәрежеде бағаланғанда ғана отбасы берік болады. Ал берік отбасы – қоғамдағы тұрақтылықтың, демографиялық өсімнің және ұрпақ тәрбиесінің кепілі. Сондықтан Түркістан қаласындағы «Отбасын қолдау орталығының» жұмысы – отбасы мен гендерлік саясатты жергілікті деңгейде жүзеге асырудың нақты көрінісі», - деді маман.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Депутаттың сөзінше, талаптың күшеюі адал әрі кәсіби компаниялардың жолын ашып, нарықтағы әділ бәсекелестікті қалыптастыруы мүмкін.
Депутат қыз алып қашудың ескі қаңсық дәстүр екенін айтты
Депутат алып қашуды ауыр қылмыс қатарына жатқызуды сұрады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →