×

Отбасындағы қарым-қатынас – баланың мектептегі мінез-құлқы мен жетістігінің айнасы - Психолог

Отбасындағы қарым-қатынас – баланың мектептегі мінез-құлқы мен жетістігінің айнасы - Психолог

Баланың тұлға ретінде қалыптасуында отбасының рөлі ерекше. Бала үшін ең алғашқы әлеуметтік орта – оның өз үйі. Сол себепті ата-анасы мен жақындарының қарым-қатынасы оның ішкі дүниесіне, мінез-құлқына, мектептегі жүріс-тұрысына тікелей әсер етеді. Бұл туралы Түркістан қаласындағы «Бақытты шақ» зияткерлік мектебінің психологы Маржан Беркінбайқызы айтты , деп хабарлайды  Qaz365.kz.

«Егер отбасында жылы атмосфера орнап, балаға махаббат пен қамқорлық көрсетілсе, ол өзіне сенімді болып өседі, мұғалімдермен де, достарымен де оңай тіл табысады, оқу процесіне ынтасы артады. Керісінше, отбасында түсінбеушілік пен дау-дамай жиі орын алса, бала ішкі күйзеліске тап болады. Ол кейде тұйық, кейде агрессивті болуы мүмкін. Мұндай жағдайда зейіні тұрақсызданып, сабақ үлгерімі төмендеп, мектептегі қарым-қатынасы да қиындай түседі. Ал ата-ананың мүлдем назарынан тыс қалған балалар көп жағдайда тәртіп бұзуға бейім болып, өзін түрлі жолдармен көрсеткісі келеді. Мектеп психологының міндеті – осындай жағдайларда оқушыға дер кезінде көмек көрсету. Жеке әңгімелесу, арт-терапия, рөлдік ойындар сияқты әдістер арқылы баланың ішкі сезімін анықтап, оны ашық айтуына жағдай жасайды. Сондай-ақ эмоцияны басқару дағдыларын қалыптастырып, қорқыныш пен агрессияны жеңілдетуге арналған әдістерді қолданады. Ата-аналарға да ерекше көңіл бөлінуі тиіс», - деді маман.

Қорытындылай келе, отбасындағы қарым-қатынас – баланың мектептегі мінез-құлқы мен жетістігінің айнасы. Сондықтан мектеп пен ата-ананың бірлескен жұмысы аса маңызды. Егер балаға отбасынан тұрақты қолдау көрсетілсе, сыртқы ортадағы қиындықтар оған соншалықты ауыр әсер етпейді. Ал мектеп психологының кәсіби көмегі – осы қолдаудың тиімді әрі толыққанды болуына жағдай жасайды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Тіл – татулық тірегі»: Алматы облысында Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі аталып өтті
Бүгін, 17:00

«Тіл – татулық тірегі»: Алматы облысында Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі аталып өтті

Мемлекеттік тілдің мерейін көтерген бұл шара жалпыхалықтық мерекеге айналды
Облыстағы 284 елді мекеннің 158-і немесе 55,3%-ы газ жүйесіне қосылған
Рейстер аптасына екі рет – бейсенбі және жексенбі күндері орындалады
Екі күндік форум «Азаматтық секторды цифрландыру: Үкіметтік емес ұйым үшін трендтер мен мүмкіндіктер» тақырыбына арналды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →