×

Отбасы – баланың ең алғашқы мектебі - Психолог

Отбасы – баланың ең алғашқы мектебі - Психолог

Түркістан қаласындағы «Отбасын қолдау орталығы» мен мектеп психологтарының бірлесе атқаратын жұмысы – ата-ана мен баланың қарым-қатынасын нығайтып, жанұядағы түсіністі арттыруға бағытталған. Бұл өз кезегінде Түркістандағы жас буынның білімді, тәрбиелі әрі қоғамға бейімделген азамат болып өсуіне ықпал етеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Түркістан қаласындағы «Бақытты шақ» зияткерлік мектебінің психологы Маржан Анарбайдың сөзінше отбасы – баланың ең алғашқы мектебі. Ондағы қарым-қатынас, құндылықтар мен дәстүрлер баланың болашақтағы тұлғалық дамуына, мінез-құлқына және оқу үлгеріміне тікелей әсер етеді. Егер отбасында түсіністік пен сыйластық болса, бала мектепте де өзін сенімді ұстайды, үлгерімі жақсы болып, мұғалімдер мен сыныптастарымен оң қарым-қатынас орнатады. Ал отбасында жиі жанжал немесе салқындық байқалса, бала тұйық немесе агрессивті болып, зейіні шашырап, тәртібі нашарлауы мүмкін.

«Отбасындағы түсініспеушіліктерді шешуде психологтың рөлі өте маңызды. Психолог жанжалдың түпкі себебін анықтап, отбасы мүшелеріне бір-бірін тыңдауға, түсінуге, эмоцияларын сауатты жеткізуге үйретеді. Ол бейтарап кеңесші ретінде сенімді атмосфера қалыптастырып, әр отбасы мүшесінің пікірін ескеруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, балаларға жеке кеңес беріп, олардың ішкі күйзелісін жеңілдетуге көмектеседі. Отбасылық құндылықтар мен дәстүрлерді балаға үйрету – оның мектептегі тәртібі мен үлгеріміне оң ықпал етеді. Үлкенді сыйлау, кішіні құрметтеу, жауапкершілік пен еңбекқорлыққа баулу – баланың тұлға болып қалыптасуына ықпал етеді. Мұндай тәрбие алған бала мектепте де әдепті, ынталы және тәртіпті болады. Егер балада «отбасылық құндылықты сезінбеу» белгілері байқалса, психолог ретінде бірінші кезекте оны тыңдап, қолдау көрсету қажет», - деді маман.
 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыда Defense Tech IT Park қорғаныс технологиялары орталығының таныстырылымы өтті
Кеше, 20:00

Алматыда Defense Tech IT Park қорғаныс технологиялары орталығының таныстырылымы өтті

Жобаны әзірлеушілер жаңа алаңның мүмкіндіктерін көрсетіп, инновациялық жобаларды таныстырды
Журналист, YouTube желісіндегі Ne deidi арнасының авторы Думан Мұхамедкәрім өзін Алматы төңірегінде түрмеге ауыстыруын сұрайды
Депутат қоғамның әлеуметтік жағдайы жайлы сөз сөйледі
Мәжіліс депутаты өзінің бұрыннан бері ақылы автотұрақтар мен жолдардың мәселесін көтеріп келе жатқанын айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →