×

Қазақстандықтарға тәулігіне 140 литрден артық су пайдалануға тыйым салынды

Бюджетке түсетін салмақ азаяды

Қазақстандықтарға тәулігіне 140 литрден артық су пайдалануға тыйым салынды
Фото әлеуметтік желіден

Қазақстанда жаңа норма күшіне енді: әрбір азамат бір тәулікте 140 литр ауыз судан артық тұтына алмайды. Белгіленген шектен асқандар үшін тариф 30 пайызға қымбаттайды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Министрліктің шешіміне сәйкес, бір адамға күн сайын 140 литр су жеткілікті деп есептеледі. Артық пайдаланған жағдайда қосымша ақы төлеуге тура келеді. Шенеуніктер мұндай қадам суды үнемдеуге бағытталғанын айтады.

Бюджетке түсетін салмақ азаяды

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Нұрсұлтан Керімқұлов бұрын өңірлерде су тарифтері әртүрлі есептелгенін жеткізді. Оның айтуынша, мемлекет жергілікті жүйелерді субсидиялап келгендіктен, бюджетке артық салмақ түскен.

— Қазіргі таңда бір адамға тәулігіне 140 литр толық жеткілікті деп санаймыз, — деді ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →