×

2025 жылдың соңына қарай Алматы облысындағы газдандыру деңгейі 59%-дан асады

Облыстағы 284 елді мекеннің 158-і немесе 55,3%-ы газ жүйесіне қосылған

2025 жылдың соңына қарай Алматы облысындағы газдандыру деңгейі 59%-дан асады
primeminister.kz

Мұнай-газ кешені қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиында Алматы облысы әкімінің орынбасары Рустам Исатаев қол жеткізілген нәтижелер мен алдағы жоспарлар туралы баяндады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда облыстағы 284 елді мекеннің 158-і немесе 55,3%-ы газ жүйесіне қосылған. Облыс халқының 77%-ын құрайтын 1,2 миллионнан астам тұрғын табиғи газбен қамтамасыз етілген.

«Өткен жылдың өзінде ғана 17 елді мекенге газ тартылып, 40 мыңнан астам адамның өмір сапасын едәуір жақсартуға мүмкіндік берді. Қазіргі таңда тағы 18 ауыл мен қала массивін газдандыру жобалары дайындалды. Оларды іске асыру нәтижесінде шамамен 600 уақытша және 20 тұрақты жұмыс орны ашылады», – деді Исатаев.

Сонымен қатар, ол 2025 жылы облыстық бюджеттен 14 елді мекенді газдандыруға 11 млрд теңге бөлінетінін атап өтті. Нәтижесінде, келесі жылдың соңына қарай өңірдегі газдандыру деңгейі 59,5%-ға жетіп, 169 елді мекен газбен қамтылатын болады.

Іс-шара соңында марапаттау рәсімі өтті. Жоғары кәсібилігі мен энергетика саласының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін мұнай-газ саласының ондаған маманы мемлекеттік және өңірлік наградалармен – медальдармен, Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Тіл – татулық тірегі»: Алматы облысында Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі аталып өтті
Бүгін, 17:00

«Тіл – татулық тірегі»: Алматы облысында Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі аталып өтті

Мемлекеттік тілдің мерейін көтерген бұл шара жалпыхалықтық мерекеге айналды
Рейстер аптасына екі рет – бейсенбі және жексенбі күндері орындалады
Екі күндік форум «Азаматтық секторды цифрландыру: Үкіметтік емес ұйым үшін трендтер мен мүмкіндіктер» тақырыбына арналды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →