×

«Тіл – татулық тірегі»: Алматы облысында Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі аталып өтті

Мемлекеттік тілдің мерейін көтерген бұл шара жалпыхалықтық мерекеге айналды

«Тіл – татулық тірегі»: Алматы облысында Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі аталып өтті
Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Алматы облысының Ұйғыр ауданында Қазақстан халқы тілдері күніне арналған «Тіл – татулық тірегі» облыстық тіл фестивалі өтті, сообщает Vecher.kz

Іс-шара аясында «Тіл және қоғам» көрмесі ұйымдастырылып, мерекеге жиналған жұртшылықты Ұйғыр ауданының әкімі Бота Елеусізова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Болат Керімбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің Басқарма басшысы Қайыржан Рахымжанов, Алматы облыстық мәслихатының төрағасы Қуат Байғоджаев, сондай-ақ «Аманат партиясы жанындағы азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту жөніндегі «Мирас» аймақтық кеңесінің төрағасы Тәңірберген Қасымақынұлы,   Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, тіл жанашыры Дарья Шулима мен «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Алматы облыстық филиалының төрағасы Күлзира Сейітбекқызы құттықтады.

Өз сөзінде Қуат Байғоджаев тілдің ел бірлігіндегі, қоғам тұрақтылығындағы рөлін атап өтіп, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының мұрасын ұлықтау – баршамыздың ортақ парызымыз екенін жеткізді.

«Тіл – ұлттың болмысы ғана емес, елдегі бейбітшілік пен тұрақтылықтың берік іргетасы. Мемлекеттік тілдің қолданылу аясы жылдан-жылға кеңейіп, жастар арасында қазақ тілінде сөйлеу сәнге айналуда. Бұл – ең үлкен жетістігіміз», – деді ол.

Фестиваль аясында тілдерді дамыту саласына қосқан сүбелі үлесі үшін өңірдің бір топ азаматтары Алматы облысы әкімдігінің, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің, сондай-ақ  «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Алматы облыстық филиалының марапаттарымен марапатталды.

Салтанатты жиын «Сүйінбай сазы» халықтық фольклорлы-этнографиялық ансамблі мен өнер жұлдыздары қатысуымен «Тіл – тарихтың айнасы» атты концерттік бағдарламамен түйінделді.

Қазақстандағы жүзден астам этнос өкілдерін бір шаңырақ астына ұйыстыратын мемлекеттік тілдің мерейін көтерген бұл шара жалпыхалықтық мерекеге айналды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылдың соңына қарай Алматы облысындағы газдандыру деңгейі 59%-дан асады
Бүгін, 16:54

2025 жылдың соңына қарай Алматы облысындағы газдандыру деңгейі 59%-дан асады

Облыстағы 284 елді мекеннің 158-і немесе 55,3%-ы газ жүйесіне қосылған
Рейстер аптасына екі рет – бейсенбі және жексенбі күндері орындалады
Екі күндік форум «Азаматтық секторды цифрландыру: Үкіметтік емес ұйым үшін трендтер мен мүмкіндіктер» тақырыбына арналды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →