×

«Бұл – ұят»: Президент азық-түлік нарығын қатаң сынады

Тоқаев импортқа тәуелділікті азайтуды тапсырды

«Бұл – ұят»: Президент азық-түлік нарығын қатаң сынады
Фото әлеуметтік желіден

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы азық-түлік нарығында импорттың үлесі тым жоғары екенін сынға алып, оны «ұят жағдай» деп бағалады, деп жазады  Qaz365.kz.

Президенттің сөзінше, үкіметтің негізгі мақсаты – ішкі нарықты қазақстандық өнімдермен қамтамасыз ету және отандық тауарлардың экспортын ілгерілету.

«100% өзін-өзі қамтамасыз ету мүмкін емес және оған ұмтылу да қажет емес. Бірақ қазіргі біздің нарықтағы жағдай – бұл ұят нәрсе. Сонымен қатар дәстүрлі ұлттық өнімдерді шетелдік нарыққа белсенді түрде ілгерілету қажет. Сол үшін логистика, ветеринарлық және эпидемиологиялық талаптарды ескере отырып, аграрлық экспорттың нақты жоспары жасалуы тиіс. Бұған қоса, сауатты маркетингтік стратегиялар керек. Бұл тек Ауыл шаруашылығы министрлігінің ғана емес, бірқатар мемлекеттік органдардың міндеті, сондықтан үкімет деңгейінде үйлестіру қажет», – деді Тоқаев.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыда Defense Tech IT Park қорғаныс технологиялары орталығының таныстырылымы өтті
Бүгін, 20:00

Алматыда Defense Tech IT Park қорғаныс технологиялары орталығының таныстырылымы өтті

Жобаны әзірлеушілер жаңа алаңның мүмкіндіктерін көрсетіп, инновациялық жобаларды таныстырды
Журналист, YouTube желісіндегі Ne deidi арнасының авторы Думан Мұхамедкәрім өзін Алматы төңірегінде түрмеге ауыстыруын сұрайды
Депутат қоғамның әлеуметтік жағдайы жайлы сөз сөйледі
Мәжіліс депутаты өзінің бұрыннан бері ақылы автотұрақтар мен жолдардың мәселесін көтеріп келе жатқанын айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →