×

Алматыда депутат электросамокаттарды шектеуді ұсынды

Алматыда депутат электросамокаттарды шектеуді ұсынды
Фото: bayut.com

Алматы қаласы мәслихатының депутаты Бейбіт Құсайынов электросамокаттар мен мопедтерге қатысты мәселе көтерді. Ол қалада бұл көліктерді пайдалануға байланысты тәртіп орнату қажеттігін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қауіпсіздік мәселесі өткір боп тұр

Депутаттың айтуынша, бүгінде электросамокат, мопед және электробайк жүргізу нақты ережелермен реттелмейді. Қалада олардың жылдамдығына шектеу қойылмаған, тұрақтары ретсіз орналасқан, ал көпшілік пайдаланушылар жол ережесін білмейді.

– Самокаттар тротуарға да, жол бойына да тасталады. Бұл жаяу жүргіншілерге қолайсыздық туғызып қана қоймай, қауіп-қатер төндіреді. Өзім қаланы серуендегенді ұнатамын, бірақ арттан самокат зу етіп өткенде, қарапайым серуен қауіпті сынаққа айналады, – деді Құсайынов.

Депутаттың ұсынысы

Мәслихаттағы талқылауда ол Алматыда электросамокаттарды уақытша шектеуді ұсынды. Депутаттың пікірінше, бұл шара төмендегі мәселелер шешілмейінше қажет:

  • реттелген тұрақ орындары пайда болмайынша;

  • қауіпсіз веложолақтар салынбайынша;

  • аренда мен жүргізуге қатысты нақты ережелер бекітілмейінше.

– Тек осылай ғана қаланы баршаға ыңғайлы әрі қауіпсіз ете аламыз, – деп түйіндеді ол.

Instagram парақшасында жариялаған бейнежазбасында депутат самокат жүргізушілерін уақытша шектеуді ұсынды.

– Жылдамдықты шектеңіздер, тұрақтарды орнатыңыздар. Қазір самокатшылар тротуарда жүйткиді. Бұл мәселені бүгін, дәл қазір шешуіміз керек. Порядок орнамайынша, қосымша веложолақтар салынбайынша, аренда мен жүргізуге қатысты талаптар бекітілмейінше – уақытша тыйым салу қажет, – деді Құсайынов.

Сонымен қатар ол барлық көшеге веложолақ салу физикалық тұрғыда мүмкін емес екенін де атап өтті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстан Ұлттық жасанды интеллект платформасын құруда АҚШ компаниясының үдеткіштерін таңдады
Бүгін, 10:40

Қазақстан Ұлттық жасанды интеллект платформасын құруда АҚШ компаниясының үдеткіштерін таңдады

АҚШ-тың NVIDIA компаниясының өнімдері Қазақстанның Ұлттық жасанды интеллект платформасының негізі болып бекітілді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →