×

Светлана Жақыпова: «85 мың теңгеге өмір сүргің келмесе, біліміңді көтер»

Министр 85 мың теңге алмау үшін не істеу керегін айтты

Светлана Жақыпова: «85 мың теңгеге өмір сүргің келмесе, біліміңді көтер»
Фото әлеуметтік желіден

Мәжілістің жалпы отырысынан кейін Qaz365.kz тілшісі Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыповадан 85 мың теңге көлемінде жалақы алатын азаматтар үшін қандай кеңес беретінін сұрады.

«Министрлік берген есептегі 85 мың теңге алатын 780 мың адам 85 мың теңгені қалай жеткізу керек? Қандай кеңес бересіз?» – деп сұрады тілші.

Өз сөзінде Светлана Жақыпова  85 мың теңге алмау үшін оқу керек, еңбектену керек екенін айтты.

«Бұл жерде 85 мың теңгені алмау үшін, біріншіден, оқу керек, еңбектену керек. Өзіңнің біліктілігіңді жоғары көтеру керек. Содан басқа жұмысқа орналасып, 85 мыңнан көп жалақы алу керек.  Екіншіден, егер жанұя қиын жағдайға тап болса, үйде ақша табатын адам 85 мың теңге ғана тапса, анасы бала күтімімен отырса, мемлекет ол отбасын қиын жағдайда қалдырмайды. Егер жаңағы төлемдер күнкөріс деңгейінен төмен болса төменгі шектен оларға әлеуметьік көмек көрсетіледі. Бүгінгі күні заң бойынша барлық әлеуметтік міндеттеме толық орындалып отыр», -  дейді министр. 

Министр сонымен қатар әлеуметтік қолдауға ілінбей қалған азаматтар да көмек сұрай алатынын атап өтті.

«Егер азаматтарда сондай жағдай болса, әлеуметтік басқармаларға барып өздерінің арыздарын беріп көмекті ала алады. Олар алмаса барып жүгінеді арыз береді, отделдың қызмерткелері есептеп шығып, акт жасайды да егер олар мұқтаж болса оларға көмекті көрсетеді», дейді министр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →