×

«Тілін шығарған» судья ісі Жоғарғы сот кеңесіне жолданды

Судьялық әдеп жөніндегі комиссия шешім шығарды.

«Тілін шығарған» судья ісі Жоғарғы сот кеңесіне жолданды
Видеодан алынған кадр

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасау ісін қараған судья Әбинұр Қарабаевқа байланысты Судьялық әдеп жөніндегі комиссия шешім шығарды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қалалық соттың баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, тексеріс материалдары ҚР Жоғарғы сот кеңесі жанындағы сот жюриіне жолданған.

Судьялық әдеп жөніндегі комиссия судья Әбинұр Қарабаевқа қатысты тексеру материалдарын Қазақстан Республикасының Жоғарғы сот кеңесі жанындағы сот жюриінде мәні бойынша қарауға жіберу туралы шешім қабылдады. Бұл шешім әзірге заңды күшіне енген жоқ. Судья Қарабаев оған шағым түсіруге құқылы, – делінген ресми хабарламада.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →