×

Нарынқол шекара отрядының әскери қызметшілері жаңа баспанаға ие болды

Тұрғын үйлердің құрылысы 2024 жылдың қараша айында басталып, биыл толық аяқталды.

Нарынқол шекара отрядының әскери қызметшілері жаңа баспанаға ие болды
Алматы облыстық әкімдігі

Райымбек ауданында шекара қызметі қызметкерлеріне арналған жаңа тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Салтанатты түрде пәтер кілттері Нарынқол шекара отрядында табысталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Тұрғын үйлердің құрылысы 2024 жылдың қараша айында басталып, биыл толық аяқталды. Әрбір пәтердің ауданы – 70 шаршы метр, заманауи талаптарға толық сәйкес келеді. Жобаның жалпы құны 124,3 млн теңгені құрады, қаржыландыру облыс әкімдігінің қаражаты есебінен қамтамасыз етілді.

Шараға Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысты. Ол әскери қызметкерлерді жаңа баспанамен құттықтап, бұл мемлекет тарапынан ел тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын қорғап жүрген азаматтарға көрсетілген қамқорлықтың айқын көрінісі екенін атап өтті.

Бүгін біз тек пәтер кілттерін емес, сонымен қатар мемлекеттің және халықтың ризашылығы мен сенімін тапсырып отырмыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, шекарашылар – мемлекеттіліктің берік тірегі. Бұл үйлер – сіздердің адал еңбектеріңіздің және мінсіз қызметтеріңіздің жемісі. Жаңа жағдайлар отбастарыңыздың берік негізіне айналып, табысты болашаққа жол ашады деп сенемін, - деді облыс әкімі.

Нарынқол шекара отрядының бастығы, подполковник Айдос Айтахуновтың айтуынша, жаңа үйлердің салынуы шекара қызметінің инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған кең ауқымды жұмыстың бір бөлігі болып табылады. Бұл жұмыстарды Алматы облысы мен Райымбек ауданы әкімдіктері бірлесіп жүзеге асыруда.

Бұған дейін мұнда тұрғын үйлер болғанымен, жаңа үйлер заманауи стандарттарға толық сай салынды. Бүгін алты отбасы жаңа пәтермен қамтамасыз етілді, кілттерді оларға облыс әкімі мен шекара қызметінің басшылығы жеке табыстады. Жобаны іске асыруға атсалысқан барша азаматтарға алғыс білдіреміз, - деді Айдос Айтахунов.

Жаңа тұрғын үйлер әскери қызметшілердің әлеуметтік жағдайын жақсартып қана қоймай, олардың қызметтік міндеттерін сапалы орындауына да қосымша мүмкіндік береді.

Айта кетейік, Нарынқол шекара отрядының жауапкершілік аймағы Қырғыз Республикасымен шектесетін 61 шақырымды және Қытай Халық Республикасымен шектесетін 50 шақырымды қамтиды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Түркістан облысында әкесін ұрып-соққан ер адамның әйелі де жауапқа тартылды
Бүгін, 10:20

Түркістан облысында әкесін ұрып-соққан ер адамның әйелі де жауапқа тартылды

Бұған дейін зейнеткердің ұлы қамауға алынған болатын. 
Жиын барысында облыстық цифрлық технологиялар басқармасы өңірде жүзеге асырылып жатқан бірнеше инновациялық жасанды интеллект жобалары туралы мәлімет берді.
Бұл туралы Отбасы банктің ресми сайтында хабарланды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →