×

Астанада Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтуде

Бағалар Астана базарларындағы құннан 15-20 пайызға төмен

Астанада Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтуде
Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бүгін Астана қаласының атшабар алаңында Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қатысуымен жәрмеңке басталды. Жәрмеңке ертең, 14 қыркүйекке дейін созылады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Іс-шараға облыстың 12 ауданы және Ақтөбе қаласынан 20-дан астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен қайта өңдеуші кәсіпорындар қатысып отыр.

Жәрмеңкенің ашылуына Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуов, ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Асқар Жүсібалиев арнайы барып, жәрмеңкенің өту барысымен танысты.

Келушілерге концерттік бағдарлама ұсынылды.

Жәрмеңкеде елордалықтар мен қала қонақтарына 73,2 тонна ет, 39 тонна картоп пен көкөніс, 8,9 тонна сүт өнімдері, 24 мың дана жұмыртқа, 3,5 тонна балық, 7,1 тонна шұжық өнімдері, 11 тонна ұн және ұн өнімдері, 5 тонна алкогольсіз сусындар, 2,4 тонна кондитерлік өнім және 25,5 тонна өзге де тауарлар ұсынылуда. Жалпы көлемі 213,3 тонна өнім жеткізілген. 

Бағалар Астана базарларындағы құннан 15-20 пайызға төмен.

«Бүгінгі жәрмеңкеге біз Ақтөбе облысының Қарғалы ауданынан келіп отырмыз. Негізінен ет өнімдерін – жылқы еті, сиыр еті, қой етін әкелдік. Бұдан бөлек, картоп, көкөніс және жергілікті кәсіпкерлердің шұжық өнімдері ұсынылды. Биылғы шара өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Елордалық жәрмеңке дәстүрге айналып келеді. Біз былтырғы жылы да қатыстық, биыл да келдік, алдағы жылдары да келетін боламыз. Астаналық тұрғындар мен келушілердің қарасы көп. Сатушылар да көңілді, ризашылықтарын білдіруде. Негізінен біздің өнімдеріміз жергілікті тауар өндірушілердің бағасынан 15–20 пайызға төмен бағада сатылуда», – деді Қарғалы ауданы әкімінің орынбасары Бекзат Бадаков.

Сонымен қатар өңдеу кәсіпорындары да өз өнімдерін әкелді. Олардың қатарында «Айс+» ЖШС мен «Агрофирма Тау» ЖШС-ның сүт өнімдері, «Шыңғыс», «Абылай», «Шекшек Ата» қожалықтарының қымыз, шұбат, ешкі сүті, «Жаңа-Әлжан диірмен комбинаты» ЖШС мен «Рамазан» ЖШС-ның ұн және макарон өнімдері, «СПК Айбек», «Степное», «Рокос» ЖШС-ның ет консервілері мен шұжық өнімдері, сондай-ақ жылыжай өнімдері мен алкогольсіз сусындар бар. 

«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында өңделген өнімдер де саудаға шығарылуда.

Жәрмеңкеде өнімдерді тиімді бағамен сатып алған елордалықтар өз ризашылықтарын білдірді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Нарынқол шекара отрядының әскери қызметшілері жаңа баспанаға ие болды
Кеше, 17:27

Нарынқол шекара отрядының әскери қызметшілері жаңа баспанаға ие болды

Тұрғын үйлердің құрылысы 2024 жылдың қараша айында басталып, биыл толық аяқталды.
Бұған дейін зейнеткердің ұлы қамауға алынған болатын. 
Жиын барысында облыстық цифрлық технологиялар басқармасы өңірде жүзеге асырылып жатқан бірнеше инновациялық жасанды интеллект жобалары туралы мәлімет берді.
Бұл туралы Отбасы банктің ресми сайтында хабарланды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →