×

Астанадағы кептелісті азайту үшін жұмыс уақыты өзгертілді

Енді бірқатар мекеме жұмысын таңғы 7:30-дан бастайды

Астанадағы кептелісті азайту үшін жұмыс уақыты өзгертілді
Фото әлеуметтік желіден

15 қыркүйектен бастап Астанада бірқатар мекеме жаңа тәртіпке көшті. Бұдан былай әкімдік пен коммуналдық қызметкерлер, мемлекеттік органдар жұмысын таңғы 7:30-дан бастайды. Сәйкесінше, бұл ұйымдардың жұмыс күні аяқталу уақыты да өзгерді. Ал мектептер, ауруханалар және ХҚКО бұрынғы режимде қала береді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Әкімдік есебі бойынша қаладағы таңғы және кешкі кептелісті жеңілдеп, осылайша жолдағы қозғалыс 15–20 пайызға дейін азаюы мүмкін.

Ресми дерекке сәйкес, Астанада 1,5 миллион тұрғын тіркелгенімен, қала күніне шамамен 1,9 миллион адамға қызмет көрсетеді.

Еске салсақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жолдауында астанада халықтың шамадан тыс шоғырланғанын айтып, білім мен медицина саласында орын тапшылығы байқалатынын ескерткен.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →