FlyArystan әуекомпаниясы өз Telegram-арнасында билеттер мен қызмет топтамаларын таңдау, өзгерту және қайтару жөніндегі жолаушыларға арналған нұсқаулықпен бөлісті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
FlyArystan лоукостер моделі бойынша қызмет атқарады. Бұл – әуе сапарларының бағасы шығындарды азайту есебінен қолжетімді болады дегенді білдіреді. Билет бағасына тек ең негізгісі – ұшақтағы орын және қол жүгi (5 кг-ға дейінгі) кіреді. Басқа қосымша қызметтерді әр жолаушы өз қалауына қарай таңдайды: тіркелетін жолжүк, тамақ, орын таңдау және басқа да мүмкіндіктерді бөлек сатып алуға болады.
Мұндай тәсіл билеттерді қолжетімді бағамен ұсынуға мүмкіндік береді, алайда билеттерді қайтару мен ауыстыру шарттары қатаңдау болады. Бұл – әлемдегі барлық лоукостерлерге ортақ тәжірибе.
Әуебилеттерінің тариф түрлері
Әрбір жолаушы өзіне қолайлы нұсқаны таңдай алуы үшін FlyArystan әуебилеттерінің екі түрлі тарифін ұсынады. Олар билетті қайтару мен өзгертудің шарттарымен ерекшеленеді, сондықтан таңдау жолаушының жоспарына байланысты болмақ.
«Тиімді» тарифі
Мысалы, жолаушы «Тиімді» тарифімен 20 195 теңгеге билет сатып алды. Ұшуға бір апта қалғанда сапардан бас тартты. Бұл сомадан 16 000 теңге көлемінде айыппұл ұсталады және 381 теңгені құрайтын қызмет көрсету алымы қайтарылмайды. Қалған қаражат пен 809 теңгедегі әуежай алымы ваучер түрінде қайтарылады. Нәтижесінде, жолаушыға үш ай ішінде жаңа сатып алуларға пайдалануға болатын 3 814 теңгелік ваучер ұсынылады.
«Икемді» тарифі
Мысалы, жолаушы «Икемді» тарифімен 20 000 теңгеге билет сатып алды. Ұшуға екі күн қалғанда сапарды кейінге қалдыруға шешім қабылдады. Жолаушы таңдаған жаңа рейстің билеті 22 000 теңгені құрады. Бұрынғы билеті 20 000 теңгеге алынғандықтан, тек айырмашылықты – 2 000 теңгені ғана төлеу жеткілікті. Нәтижесінде ешқандай айыппұл алынбайды, ал қосымша шығын тек ескі және жаңа билет құнының айырмасымен шектеледі.
FlyArystan ваучері дегеніміз не?
FlyArystan ваучері – билет үшін қайтарылған соманы сақтайтын электронды құжат. Ол жолаушының атына рәсімделеді, сондықтан басқа адамға берілмейді және ақшаға айырбасталмайды.
Ваучерді берілген күнінен бастап үш ай ішінде жаңа билеттерді немесе қосымша қызметтерді сатып алу үшін пайдалануға болады. Оны www.flyarystan.com сайтында, мобильді қосымшада, сондай-ақ байланыс орталығы немесе туристік агенттіктер арқылы қолдануға мүмкіндік бар. Ваучер нөмірі 12 цифрдан тұрады, мысалы, 1644200394482.
Мобильді қосымшада «Тиімді» тарифі бойынша билет қайтарылған жағдайда, айыппұл ұсталғаннан кейін қайтарылатын сома болса, ол ваучерге аударылады және автоматты түрде жолаушының жеке кабинетінде сақталады. Маңызды: автоматты сақтау тек билет жеке кабинетке кіру арқылы мобильді қосымшада сатып алынған жағдайда ғана іске асады. Ол үшін FlyArystan қосымшасының тіркелген пайдаланушысы болу қажет.
Ұшу күнін өзгерту және билетті қайтару ережелері
Егер билет басқа сервистер (Kaspi, Halyk, Freedom және басқа) арқылы сатып алынған болса, қайтару үшін сол платформалардың ресми қолдау қызметіне жүгіну қажет. FlyArystan.com сайтында немесе қосымшада сатып алынған билеттерді онлайн түрде қайтару қолжетімді.
Билетті қайтару мүмкіндігі мен айыппұл мөлшері тарифке және ұшуға дейінгі уақытқа байланысты анықталады. Айыппұл әр жолаушыға және әр сегментке жеке есептеледі.
«Тиімді» тарифі бойынша рейс уақытынан 72 сағаттан ерте бас тартқан жағдайда айыппұл мөлшері ішкі бағыттарда – 12 000 теңге, халықаралық бағыттарда – 80 доллар. Егер қайтару 72 сағаттан аз уақыт ішінде рәсімделсе, сома 16 000 теңгені және 95 долларды құрайды.
«Икемді» тарифі бойынша рейстен 72 сағаттан ерте қайтарған жағдайда, айыппұл ішкі бағыттарда – 7 000 теңге, халықаралық бағыттарда – 55 доллар. Ал 72 сағаттан аз уақыт қалғанда бас тартқан жағдайда, айыппұл мөлшері сәйкесінше 9 000 теңге және 60 доллар болады.
Толығырақ ақпарат сайтта жарияланған: https://flyarystan.com/kk/fare-types
Тарифтік топтамалар
Лоукостердің стандартты билеті тек кездейсоқ орынды және 5 кг-ға дейінгі қол жүгін қамтиды. 2024 жылғы статистикаға сәйкес FlyArystan жолаушыларының төртеуінің үшеуі тек шағын қол жүгімен жеңіл саяхаттауды таңдаған. Мұндай формат тіркеуден өту және ұшып келгеннен кейін уақытты үнемдеуге, сондай-ақ қол жүгін тасымалдау ережелерін сақтаған жағдайда әуебилет шығындарын азайтуға мүмкіндік береді. Қосымша заттарды қажет ететін жолаушылар үшін лоукостер бірқатар қосымша қызметтерді ұсынады: салонда орын таңдау, қол жүгінің нормасын арттыру немесе жолжүкті тиімді тарифтер бойынша рәсімдеу. Бұл қызметтерді алдын ала онлайн сатып алу арқылы 70%-ға дейін үнемдеуге болады.
Саяхатты қолайлы әрі тиімді ету үшін FlyArystan жолаушыларға 4 түрлі тарифтік топтамаларды ұсынады. Тарифтік топтамадар – бұл қосымша қызметтердің дайын жиынтығы, яғни, танымал қызметтерді алдын ала бір тарифке біріктіріп, әр қызметті бөлек сатып алғаннан арзанырақ бағамен мүмкіндік береді.
Тарифтік топтама түрлері
Топтаманы қалай таңдау керек?
Тарифтік топтамалар таңдалған тарифке байланысты жұмыс істейтінін еске салу маңызды:
Тарифтік топтамалардың толығырақ шарттары сайтта қолжетімді: https://flyarystan.com/fare-bundles.