×

Қаздан қашқан бала Керейге 100 қаз сыйға берілді

Қаздан қашқан бала Керейге 100 қаз сыйға берілді
коллаж BAQ.KZ

Әлеуметтік желіде кең тараған бейнероликтің кейіпкері – қаздан қашқан үш жасар Керей Махамбетұлына ауыл партиясы 100 қаз сыйлады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Кішкентай Керейдің қаздан қашқан сәті түсірілген видео аз уақыт ішінде әлемдік хитке айналды. Тіпті америкалық рэпер Snoop Dogg та бейнероликті өз парақшасында бөлісіп, әлеуметтік желіні дүр сілкіндірді. Сол сәттен бастап желі қолданушылары оны «қаз қуған бала» деп атап кетті. Қазіргі таңда Instagram желісінде аталған бейне 209 миллион қаралым жинаған.

Үш жасар Керей Ақтөбенің Күншуақ шағынауданында тұрады. Балабақшаға барып жүр. Әкесі – мектепте дене шынықтыру пәнінің мұғалімі. Отбасында жылқы, қаз, пони өсіріледі.

Керейдің ерекше танымалдығына орай Ақтөбе қалалық ауыл партиясы оны әкесімен бірге арнайы шақырып, 100 қазды сыйға тартты.

Желі қолданушылары бұл жаңалықты естіп, түрлі пікір қалдырды:

«Енді жүз қаздан қаша ма?», «Бизнес басталып кетті», «Үйрек, қаз фирмасының басшысы болсын», «Құтты болсын», «Менде қаздан қашпасам», - деп жазды олар.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →